АЙТЫС АҚЫНДАРЫ ЕЛ АРАЛАУДА

16:31, 14 мамыр 2019

Аламан айтыста жүрген белгілі ақындар еліміздің әр аймағын аралауда. «Ұлы дала ән мен жыры ақындықтың жеті қыры» атты республикалық айтыс сайысы Қарағандыда жалғасты. Бұл ауқымды жобаның мақсаты – ел ішінде айтысты кеңінен насихаттау

Елбасы «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында қазақ халқының төл өнеріне, фольклорына екпін түсірген.Осы орайда  айтыстың алар орыны ерекше  Республикалық тур аясында елімізге белгілі айтыскерлер Балғынбек Имашев, Айнұр Тұрсынбаева, Сара Тоқтамысова, Жандарбек Бұлғақов Қарағандылықтарға әдемі айтыс көрсетті.  
Балғынбек ИМАШЕВ, айтыскер ақын:

-ҚР Мәдениет Министрінің тікелей қолдауымен айтыстың тек Астана Алматы қалаларында ғана емес, бүкіл өңірлерді аралап, халықты рухани жаңғыру, мәдени мұра, жастар жылы деп жатырмыз қаншама бастамалар бар, сол ел-елге, жер-жерге барып, халықты қазақтың төл өңірінен сусындатып, рухын оятып, рухани азық беріп.

Жетісудың қос дүлдүлі Балғынбек пен Жандарбек алғашқы айтыстарын 25 сәуірде Талдықорған қаласынан бастаған. Оларға шырайлы  Шығыстың қос аруы Айнұр Тұрсынбаева мен Сара Тоқтамысова серік болып  сөз таластырды. 

Жандарбек БҰЛҒАҚОВ, айтыскер ақын:

-Мәселен, қазір осы айтыскер ақындаардың сөзіне жазылған әндерді көбінесе әншілер орындап жүр. Осы жоба аяында әндерді өздері орындайды.

Кеште ақындар айтыспен қатар әуелетіп ән шырқап, өлең оқыды.Сөйтіп, ұлтымыздың салт-дәстүрін, әдеп-ғұрпын жаңғыртып, көпшіліктің ерекше қошеметіне ие болды. Қасиетті Рамазан айында ұйымдастырылған  концерттен түскен қаржатат қайырымдылық шараға жұмсалады. Осындай айтыс мерекесі  Жаңаөзен, Петропавл, Орал, Тараз – бас-аяғы 22 қалада жалғасады деп жоспарланып отыр

Райхан САЙРАНБЕК

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар