АЙРЫҚША ОТА ЖАСАЛДЫ

16:10, 21 тамыз 2019

Медицина саласындағы халықаралық әріптестік ұлт саулығын жақсартуға жол ашты. Жезқазған қалалық көпбейінді ауруханасында айрықша ота жасалды.Жезді өңірде тұңғыш рет 4 бірдей науқастың жамбас буынына эндоротез салынды

Жыл сайын елімізде шамамен 30 мың адам буынға эндопротез жасату кегнде тұрса, соның 8 мыңына ота жасалады екен. Сұраныс көп, сондықтан елімізде эндопротез жасау бойынша зауыт ашу жобасы қаралуда. Жалпы эндопротез жасау – бүгінгі таңда буындардың ауыр науқасына шалдыққан науқастардың  толыққанды өмірге қайта оралуына сеп тигізетін  жалғыз мүмкіндік.Ерекше операция  Х.Мақажанов атындағы травматология және ортопедия клниникасының дәрігерлері мен қытайлық «Just medical» және «Chunli medical» компаниялары арасындағы әріптестік негізінде қолға алынды.

Шон ЧЕН, «Just medical» компаниясының сату бойынша директоры:

-Біз Қазақстанға Қытай Республикасынан келдік. Бірінші кезекте эндопротезді және  өз өнімдерімізді пациенттердің денсаулығын жақсартуға қолданғаны үшін қуаныштымыз.  Тауардың сапасына сенімдіміз. Операциядан өткендердің барлығына тез арада қалпына келуді тілейміз.

Отаны қарағандылық дәрігерлері және көп бейінді аурухананың ақ желең иелері  бірлесіп жасады. Бұл бір жағынан тәжірибе алмасу әрі практикалық көмек.  Науқастарға салынатын протез дайын күйінде  қытайдан әкелінді. Бұл күні 4 науқасқа эндопротезді орнату бойынша ота жасалды.Бірегей  әдіске сәйкес буынның жарамсыз бөлігі хирургиялық жолмен кесіліп, оның орнына арнайы протез салынды.

Рүстем НЫСАНБАЕВ, Жезқазған қалалық  көпбейінді ауруханасының  бөлімінің меңгерушісі:

-Қазіргі уақытта осындай дерт  қарт адамдарда жиі кездеседі. Яғни бұл әлеуметтік мәселе болып саналады.Бұдан бөлек  пациенттерді тасымалдау, оларды күту керек. Менің пайымдауымша осы  технологияны енгізгеннен кейін Жезқазған өңірінде барлығы әлдеқайда жеңілдейді. Емделушілер облыс орталығындағы оңалту мекемелеріне барып әуре болмайды.

Айта кетейік, мұндай операция кемінде  әр адамға миллион астам  қаржыны қажет етеді.Бірақ бұл жолы әріптестік аясында  ота тегін жасалды.

Жанбота РАХМЕТУЛЛАҰЛЫ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар