АЙРЫҚША АҚША КӨРМЕСІ

15:12, 15 қараша 2019

Саран қаласында ақша белгілерінің коллециясына арналған көрме өтті. Шара Қазақстанның ұлттық валюта күніне орай ұйымдастырылды

Теңгенің  ресми тарихы -тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлттық валютаны енгізу туралы Жарлығынан» бастау алғаны  белгілі.Ол 1993 жылдың 15 –ші қарашасында төл теңгеміз жаңа төлемнің  құнды қағазы ретінде қолданысқа енгізілді. Негізі ақша белгілерінің алғашқы партиясы «Харрисон және ұлдары» атты ағылшын компаниясынан басылып шыққан.

Серік Мұстафин 30 жыл бойы жалықпай кітап пен монета жинаумен айналысады. Бірақ коллеционер үшін қағаз ақшалардың орны ерекше.Ол ең көне 1373 жылғы шығарылған  түрік сұлтанының монетасын да көзінің қарашығындай сақтап келеді.

Серік МҰСТАФИН, Мемлекеттік басқару академиясы ҚОФ оқытушысы:

- Дүкендердің бірінен  ақша белгісін  алған едім. Содан бері монеталарды жинай бастадым. Менде қазір  5000 мың астам монетамен 2000 мың банкноттар бар.  Олардың арасында күміспен күптеліп, алтын жалатылған мерейтойлық ақша белгілері де жетіп артылады.

Саран қаласындағы "Истоки"әдеби-тарихи өлкетану клубы - бүгінде жастардың санасына серпін беруде. Шығармашылық үйірмеге қатысатын  студенттер мен оқушылардың дені белсенді. Ал Азиза  Күлметтенова  №4 мектептің 9 сыныбында оқиды. Қаршадай қарындасымызды тиындардың тарихы туралы тың деректер қызықтыратынын айтады.

Азиза КҮЛМЕТТЕНОВА, көрермен:

-Осы клубтың арқасында  көрмелені тамашаладым. Серік-аға бізді қызықты мәліметтерге қанықтырды. Кітаптар мен монеталар мені елең еткізді.

Айрықша ақша  көрмесі -  орталық кітапхана  қызметкерлерінің ұйытқы болуымен ұйымдастырылды. Олардың айтуынша мұндай  тағылымды шаралар -жас ұрпақтың ел тарихына  ерекше қызығушылығын арттыратын көрінеді.

Жанбота РАХМЕТУЛЛАҰЛЫ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар