АЙНАЛМА ЖОЛДАР САЛЫНУДА

21:21, 13 сәуір 2018

Қарағанды облысында автокөлік жолдарын қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда

Ал жөндеуден өткендері тез тозып кетпес үшін айналма жолдарды салу қолға алынып отыр. Жыл аяғында Шығыс және Солтүстік айналма жолдар пайдалануға берілмек. Құрылыс қарқынын бүгін облыс әкімі Ерлан Қошанов бақылап қайтты. Шығыс және Солтүстік айналма жолдар Астана-Алматы трассасының бір бөлігіне айналады.  Қаланың шығыс және солтүстігінен жалпы ұзындығы 48 шақырымды құрайтын 2 тас жол салынуда. Ондағы басты мақсат - қаладан өтетін транзиттік автокөлік ағынын қысқарту. Мысалы, қала ішінен күніне 20 мыңға жуық көлік өтеді екен.

Қанат ШАЙМИН  «ҚазАвтоЖол» ҚОФ директоры

Бұл жол Пришахтинскі кольцевой развязкасынан басталып, Сұрыптау стансасы арқылы өтіп, Северный обход Қарқарылға шығатын тас жолға келіп қосылады.

Қарағандыны шығыс жақтан айналып өту үшін  - 32,5, ал солтүстіктен- 15,5 километр қашықтыққа дейін жол салынады. Жобаның құны  35 млрд теңгені құрайды. Бас мердігер Қазақстан-түрік компаниясы. Олар 25 жылға дейін кепілдік береміз, -  дейді.

Әли ЧЕТКИН  «СП «Сине Мидас Строй» ЖШС өкілі

Қазастанның жолдарын жөндеп келеміз. Барлық облыстың жолдарын жөндеді десек те болады. Атап айтсам, Ақтөбе, Атырау, Қызылорда және Алматы облыстары.

Жөндеу жұмыстары былтырғы жылы желтоқсан айында басталған. Жұмыс толығымен биылғы жылдың қараша айында аяқталады деп уәде берді мердігерлер.

Райхан САЙРАНБЕК

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫ – МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕ
17:11, 7 желтоқсан 2018
ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫ – МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕ
Толығырақ...