Аймақтарды аралау барысында, облыс әкімі Шахтинск қаласына да ат басын бұрды

Ерлан Жақанұлы Қошанов білім ошақтарының жаңа оқу жылына дайындығы және коммуналдық кәсіпорындардың жұмысымен танысты. Жергілікті тұрғындармен кездесіп, олардың өтініш-тілектерін тыңдады

15:33, 4 тамыз 2017   138

Шахтинск қаласындағы №6 мектеп 1200 оқушыға шақталған. Бұл жерде мамандандырылған физика, робототехника, биология пәндерінің кабинеттері бар. Сапар барысында аймақ жетекшісін автономдық жылу пунктінің жұмыс жүйесімен таныстырды. Оның көмегімен мектептегі жылуды өздігінен қалыпты жағдайға келтіріп, үнемдеуге болады.

Николай ОНСОВИЧ Шахтинск қалалық білім бөлімінің жетекшісі

Мына жерден жылу беріледі. Есептегіш құралдары тұр.Ол, компьтер арқылы сыртқа шығарылған.Температура арқылы өзі ашылып, жабылып тұрады. Қазан-сәуір айларында жылы суды айналдырып, мектепті тегін жылтамыз.  

Сапар барысында аймақ жетекшісі, «Шахтинскжылуэнерго» өндіріс кешенінің кәсіпорнында болды. Ол, жылу және электр қуатын өндіретін алып кәсіпорын болып саналады. Оны қалалықтар тұтынады. Мұнда 3 энергетикалық бу қазандықтары мен және екі турбоагрегатпен жабдықталған. Облыс әкіміне, кенттегі 5 қабатты тұрғын-үйдегі автоматты жылу жүйесі қондырғысының сыртқа шығарылуы жайлы баяндады. Аймақ жетешісіне блокты-модульді бу қазандығын мотаждау және орнату жұмыстары жайлы айтып берді. Содан кейін, Ерлан Қошанов 3-ші ықшам-ауданның 4 үйінің подьезіне бас сұқты. Бұл жерде жыл басында жарылыс орын алғаны баршаға белгілі. Облыс әкімі жергілікті қоғамдастық өкілдерімен және тұрғын-үй иелері мен  кездесті.  

Сапар ЫБЫКЕЕВ  жергілікті қоғамдастық төрағасы

Шаханның айналасында жол жоқ. 3-4 жыл бойы, біз Саранға қатынай алмай жүрміз. Шахтинскіге де қатынас жоқ. Бұл өте күрделі сұрақ.

Әскербек ХАЛТУНОВ автомобиль жолдары және көлік басқармасының жетекшісі  

Жол жүйесін биыл ретке келтіреміз. Қатынас болады.Жобалық-сметалық құжаттары дайын.Республикалық бюджетке сұраныс береміз, Қаржыландыру мәселесі келесі жылы шешіледі.

Ерлан ҚОШАНОВ Қарағанды облысының әкімі

Бұл күрделі жөндеу жұмыстары. Оған қаржыны республикадан алуымыз қажет. Мен мәселені Үкімет алдына қоямын.

Тұрғындарды алаңдатып отырған басты мәселе, тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жайы болды.

Эдуард ЛИТЮШКИН Шахан кентінің тұрғыны

Асмамен ауыратындарға диабеттерге дәрігерге қабылдауға келіп жазылулары керек.Сол бойынша дәрі алуға болады.Ең ауруға шалдыққанда 6-7 ай өткен соң ғана өтініш білдіре бастайды.

Гүлбан МАМАЛИНОВА денсаулық сақтау басқармасы жетекшісінің орынбасары

Қант диабнетімен ауратындарға дәрі тапшы.Бүгінгі күнге бізде-207 адам тіркеуде тұр. Соларды қамтамасыз етуіміз қажет.Ал, инсултке шалдыққандарға-100пайыз, дәрі-дәрмекпен қамтылады.

Дәл сол күні облыс әкімі «Құрылысмет» кәсіпорнында болды. Бұл жерде тау кеніші металлургиялық қондырғылары жөнделеді. Зауыттың негізгі бағыты, «АрселлорМитталТеміртау» алпауыт компаниясының көмір және болат департаменттерінің тапсырыстарын орындайды. Кеніштегі барлық техникаларға қажет құралдарды осы зауыт әзірлейді. «Құрылысмет» өндірісі тек қана Қарағанды облысына ғана танымал емес, шет елдер де жақсы біледі. Зауыттағы жаңашылдықтарды өзге де ірі кәсіпорындар қолданысқа енгізіп, кәдеге жаратуда.

Сейітқали ӘШІМ

«Қазақстан-Қарағанды» телеарнасының ресми сайты

100000, Қарағанды қаласы, Жауынгер-интернационалистер көшесі, 14 үй Байланыс телефондары: 8 (7212) 41-11-25