АЙМАҚ ДАМУЫ

16:23, 13 ақпан 2020

Облыстық Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтіп, онда өңір басшысы Жеңіс Қасымбектің есебі тыңдалды. Облыс әкімі өндірісті өлкенің өткен жылдағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы баяндады. Алда тұрған міндеттерді айқындады

2019 жыл Қарағанды облысының даму деңгейі үшін табысты аяқталған. Стратегиялық бағдарламалардың тиімді жүзеге асуынан облысқа тартылған инвестиция көлемі 800 миллиард теңгені құрап отыр.  Тұрғын үй салу бойынша да алға жылжу бар. Нәтижесінде, 421 мың шаршы метр баспана тұрғызылса, биыл оның көлемі 630 мың шаршы метрді құрамақ.  Мал шаруашылығы, егін жинау мен көкөніс өсіруде де өсім бар.

Жеңіс ҚАСЫМБЕК, Қарағанды облысының әкімі:

-16 балабақша ашылды. Кезекке тұру балабақшаларда автоматтандырылуда. 5 жылда 6 мектеп салынса, тағы алты мектептің құрылы болады. Апатты, үш ауысымды мектептерді ретке келтіру болады.

Жергілікті бюджет түсімі 6,8 пайызға артып, 167 миллиард теңгені құраған. Индустриализацияның  бес жылдығы да табысты аяқталып, өндіріс көлемі екі есеге көбейді. Алдағы жылда аймақта 40  ірі  жоба жүзеге асады деп күтілуде. Оның 14-і шетелдік инвесторлардың қатысуымен жүзеге асса,  «Ауыл - ел бесігі» бағдарламасы арқылы   26 жобаға серпін берілмек.  Өңірдегі 12 мың шақырым жолдың 4 мың шақырымы  5 жылдық «Нұрлы жол» бағдарламасы шеңберінде жөндеуден өткен. Ал, былтыр барлық санаттағы 1900 шақырым жол қалыпқа келтірілген.  Өңірдегі жұмыссыздық деңгейі 4,4 пайыз. 

Жеңіс ҚАСЫМБЕК, Қарағанды облысының әкімі:

-Ет экспортындағы жұмыстар өз нәтижесін беруде. Мал саны артып, ірі-қара өсіру кешендері саны артуда.

Өткен жылы облыс орталығында 105 автобус алынса, биылғы міндет қоғамдық көліктің  200-ін жаңарту. Өткен жылы 200 аула, бес саябақ пен гүлзарлар ретке келтірілсе, биыл тағы 220 аула аумағын абаттандырылып, көше шамдарын жаңарту жоспарлануда. Облыс әкімі, ауыз сумен қамту, жол инфрақұрылымын дамыту, мәдениет, спорт, білім саласындағы жұмыстарды да баяндалды. Жұмыспен қамту бағдарламасы арқылы 32 мың бос жұмыс орыны ашылған.

Серік ӨТЕШОВ, Қарағанды облыстық мәслихатының хатшысы:

-2019 жылы облыстық мәслихат депутаттарының қатысуымен 14 сессия өткізілді. Осы арқылы 1000-нан астам тұрғындар тарапынан түскен сұрақтар қаралып, өз шешімін тапты. Мемлекеттік орган өкілдері алдына міндет қойылып, 30-дан астам маңызды мәселенің жігі тарқады. Оның ішінде, тұрғын үй шаруашылығы, жер қатынастары мен денсаулық саласы бар.

Үш жыл ішінде өңірде 361 лифт ауыстырылып, 440 қасбетті және тұрғын үйлердің шатыры ретке келтірілмек. Құрылыс қарқынын екі есеге ұлғайту жоспарлануда. 17 жаңа жоба іске асуы арқылы өңдеу және тау-кен өнеркәсібі, агроөнеркәсіптік кешен және өзге де  салалар бойынша 2 мыңнан астам жұмыс орны ашылмақ.

Мақсат БЕЙСЕНАЕ

Тақырып бойынша материалдар

"АРАЙ" БАЗАРЫН ӨРТЕГЕН ЕКІ КҮДІКТІ ҰСТАЛДЫ
16:34, 23 қазан 2020
"АРАЙ" БАЗАРЫН ӨРТЕГЕН ЕКІ КҮДІКТІ ҰСТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар