АЙМАҚ БАСШЫСЫНЫҢ ҚАБЫЛДАУЫ

17:18, 12 сәуір 2019

Федеров саяжайына апаратын көпір сәуір айының соңына дейін қалыпқа келтіріледі.Осыдан екі апта бұрынғы тасқын кезінде көпірді су шайып кеткен болатын.Өзекті мәселе облыс әкімінің азаматтарды қабылдауында да көтерілді. Қарағандылықтар тағы қандай, тұралап қалған түйткілдерді қаузады?

Қарағанды облысы әкімінің жеке қабылдауына келгендердің бірі Любовь Рыбина.Саяжай қоғамдастығының төрайымы аймақ басшысына көпірді қалпына келтіру туралы өтінішін білдірді.Соның салдарынан бағбандар өз участкелеріне жете алмай қиналатын көрінеді.Онысы аздай басты саяжайға баратын жолдың сиқыда сұрықсыз.Ал өз кезегінде Ерлан Қошанов кейуананы мәселелелердің жақын арада шешілетініне   сендірді.  

Ерлан ҚОШАНОВ, Қарағанды облысының әкімі:

-Ақша бөлініп, көпір салынды. Тек сот процедураларына байланысты тендер кешіктірілді. Биыл бәрін аяқтаймыз. Шайылған көпірді жақсылап жасаймыз.

-Сіздер жол проблемасына байланысты қандай шараларды қолға алдыңыздар?

Нұрлан ӘУБӘКІРОВ, Қарағанды қаласының әкімі:

-Грейдердің жұмыстарына  келесі аптада кірісеміз.Аталған сауалды бір жақты етеміз.

Қазір өзенді тазарту жұмыстары жүйелі жүргізілуде.Бұл бір жағынан келешекте су деңгейінің шамадан тыс көтеріліп кетпеуіне мүмкіндік береді. Белгіленген ілкімді істер  маусым айында аяқталады. Сонымен қатар саяжай апаратын жолдың бойында қоқыс төгетін алаңдар пайда болады.

Ерлан Қошановтың жеке қабылдауының бел ортасынан Лидия Блюзниченкода табылды.Ол қаламыздан Ұлы Отан соғысы жылдарындағы   жетім -балаларға ескерткіш орнатуға қатысты ұсыныс айтты. Игі бастама демеушілер есебінен жүзеге асырылатын болды..

Лидия  БЛЮЗНИЧЕНКО, қала тұрғыны:

-Біздің 2000-жылдан бастап өз өтініш  тілегімізді білдірдік.Осы ұсынысымыз тезірек қолдау тапса екен.

Нұрлан ӘУБӘКІРОВ, Қарағанды қаласының әкімі:

-Жобаны жүзеге асыратын суретшілер қоғамы және сәулетшілер Одағымен келісім жасалуда. Олар қалалық құрылыс кеңесіне жолдайды. Сосын сол тараптар қай жерде орнатылатынын анықтайды. Екінші кезеңде қаржыландыру жағы қарастырылады.

Облыс әкімі Ерлан Қошанов екі күн бойы  азаматтарды қабылдау шарасын өткізді. Аймақ басшысына қарағандылықтар  әлеуметтік және коммуналдық салаға байланысты сауалдарыменде жүгінді.

Жанбота РАХМЕТУЛЛАҰЛЫ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар