АЙМАҚ АЙНАСЫ ЖАҢА МАЗМҰНҒА ИЕ БОЛДЫ

15:39, 26 маусым 2019

Енді облыстық «Орталық Қазақстан» газетінен қарапайым тұрғындар билікке 1001 сұрақ қойып, құқықтық білім алып, латын ғәріпінде жазуды үйрене алады. Беделді басылымның бұл биылғы жаңа бағыты

Тыным таппайтын тілшілер тірлігі   күнде осылай басталады. Газеттің әр саны шығармашылық ұжымның талқы таразысына түседі.  Қаладағы қарашаның, ауылдағы ағайынның   тыныс-тiршiлiгiнiң тамырын басып таныстыру осы қаламгерлер қолында. Ресми ақпарат көзі дәйексіз мәліметтерден озық болу керек.  Бұл бас редактордың жаңалықтар жауынгерлеріне қоятын басты міндеті.  

Қамбар АХМЕТОВ, облыстық «Орталық Қазақстан» газетінің бас редактор, директоры:

-Рейтингі үшін пайдаланып елді дүрліктіруге сондай сыпаттағы ақпараттар өте көп. Осы кезде дәстүрлі бАҚ болғаны қажеттілігі күше бастаған. Дәстүрлі медиа дегеніміз бұл сенімді ақпарат көздері. Ақпаратты жан жақты тексеріп, зерттеп береді. Осы тұрғыдан алсақ газеттердің келешегі зор. Тек газеттерге үлкен реформа керек.

Биыл «Орталық Қазақстан» газетіне жаңғыру жұмыстары жүргізілді. Логтипі мен бет бейнесі, мазмұны жаңарды.  Енді оқырманның арыз шағымы басылымның бірінші бетінен орын алған. «Анықтама бұрышы» айдардан азаматтар құқықтық білім алып, тиісті мекеменің сауалына жауап ала алады. Басылымнан тұрғындар латын әліпбиін тегін үйрену мүмкіндігі бар.  «Бағам» бөлімінде қарағандылық зиялы қуымның қоғамдағы түрлі жайттарға пікірі ашық жазылады. Танымал тұлғалардың тағылымды өмірінен де қаламгерлер қалам тербейді. Шығармашылық ұжым енді сайт жұмысын жандандыруды жоспарлауда

Қамбар Ахметов, облыстық «Орталық Қазақстан» газетінің бас редактор, директоры:

-Газеттің сайтын біршама жетілдірдік. Бірақ болашақта мүлдем басқаша сайт жасағымыз келеді. Аналитикалық бағытқа көшу керек. Осы жаққа күш салып жатырмыз. Едігі кезекте ойымыз кадрлық құрамды күшейту.   Кем дегенді үш тілді жетік білетін мамандарға сұраныс артып жатыр. Осы жаққа да назар аударғымыз келеді.

Редакцияда таңның атысы, күннің батысы қайнаған қарбалас тірлік. Басылым аптасына 3 рет 14 300 тиражбен облыстың түкпір-түкпіріне таралады. Осындағы әр қызметкер күн сайын  өңірдің өркен жайған өрелi iстерінiң ортақ шежiресiн таңбалауда.

Жансая ОМАРБЕКОВА, облыстық «Орталық Қазақстан» газетінің бөлім меңгерушісі:

-Ал мына жерде мұрағат орналасқан. Мұнда газеттің 88 жылдық тарихы сақталған. Сіздерге газеттің алғашқы шыққан сәтінен бастап бәрі осында. Мысалы мынау 1945 жылдағы газет қарап отырсаңыздар мүлдем басқаша.Ал бүгінгі «Орталық Қазақстан» ол оқырманның көңілінен әрдайым шығатын, тек қоғамдық дүниелерді жазатын, жастардың басы ұйысқан басылым.

Әр саланы қаузағанда  мұндағы тілшілер шаң ілестірмейді. Газетте жарияланған мақалалар халықтың көкейкесті сауалына жауап беріп,  проблеманың шешілуіне жаршы болып келеді.»Орталықтың»Басқа басылымнан басымдығы - сөз тазалығы мен сауаттылықта. 88 жылдық тарихында биік белестерді бағындырған редакция болашақта да  тақырыпты  тереңнен тербеп, қиядан қағып, ойлы мақала, жедел жаңалық, салмақты сараптамаларымен ақпарат айдынының айнасы атанбақ.

Гүлбақша АҚАЖАНОВА

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар