АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕГІ ЛАГЕРГЕ БАРЫП ЖҮР

13:47, 13 маусым 2019

Жезқазған қаласында ағылшын тілінде жұмыс істейтін жазғы лагер ашылды. Мұнда сабақтар мен үйірмелер тек шет тілінде өтеді. Заман талабы болар, қатысуға ниет білдірушілерден сұраныс артқан. Ұйымдастыршуылар қыркүйек айына дейін жұмыс жасаймыз деп отыр

Ағылшын тіліндегі жазғы лагерді Жезқазған қаласындағы Жарқын ақыл даму және білім орталығы ашты. Таңертеңгі 9 дан бастап кешкі 7ге  дейін жұмыс жасайды. Лагерге 5-12 жас аралығындағы балалар келеді. 12 күн ішінде оқушылар ағылшын тілінде еркін сөйлеп, грамматикалық жазу ережелерін кеңінен үйренеді.

Гауһар ӘУЕСХАНОВА, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі:

-Қызығушылығын арттыру үшін  біздің сабақта speaking, writing, reading және listening төрт аспект қолданылады және сабақ ойын ретінде өткізіледі. Балаларға өте қызық ағылшын тілі. Өйткені олар тек қана қазақ тілінде,орыс тілінде сөйлей алмайды.Олар ағылшын тілінде де бос сөйлеуге талпынады.

Мұғалімдер балалар арасында   ағылшын тілінде дебат  сайысын ұйымдастыруды  көздеп отыр.  12 күн ішінде сонымен қатар   вокал мен би, робот-техника үйірмелері жұмыс жасайды. Төтенше жағдайлардан абай болу және алғашқы медициналық көмек көрсету әдістері де оқытылмақшы.

Тәңірберген НҰРМҰХАМБЕТОВ, оқуш:

-Ағылшын тілі арқылы біз сөйлей аламыз және жұмысқа тұра аламыз.Қазір көбінесе  жұмыс  ағылшын тілінде болады.Ағылшын тілінің арқасында біз қыдырып келуміз мүмкін Америка жақтарға.

Ұйымдастырушылар жазғы 3 айлық маусымда 300 оқушыны  қабылдауды жоспарлап отыр. Әлеуметтік жағдайы төмен және көп балалы отбасылардың балалары ақы төлемейді.

Ақансері СҮЛЕЙМЕНОВ, Білім және даму орталығының директоры:

-Ата-аналар тарапына өзіміз енді ғана жария етейін деп жатырмыз жазғы лагерь туралы.Өйткені бізідің қаламызда осындай ұсыныс беретін лагерь жоқ.Одан бөлек біздің оқушыларымыз міндетті түрде бір маусымның кезеңінде туристік экскурсияға барып келеді Ұлытау ауылына. Сол жердің көрікті жерлеріне немесе Теректі әулие, Жезқазған қаласынан 25 шақырым жерде орналасқан ол да бір тарихи маңызды жер. Сол жерге де алып бару біздің жоспарымызда міндетті түрде бар.

Жалпы Жарқын ақыл даму және білім орталығы 2018  жылы ашылған. Мұнда жастар өздеріне қажетті жұмыстарымен еш кедергісіз тегін түрде айналысып, семинар, конференция, іскерлік кездесулер мен өзге де қажетті шараларды өткізе алады. Коворкинг орталығы жұмыс жасайды. Алғашқы трениг «Бизнес бастау» бойынша өтіп, ондаған жезқазғандық жеке кәсіп ашудың алғышарттары жайында  білікті мамандардан кеңес алған.

Гүлбақша АҚАЖАНОВА

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар