«AGROSKILLS» БАЙҚАУЫ

16:01, 3 қазан 2019

Қарағандыда "AgroSkills"кәсіби шеберлік чемпионаты басталды. Онда облыстың мектеп оқушылары мен студенттері сынға түсті. Ауыл шаруашылығында олар қандай инновациялық жаңалықтар енгізуді ұсынады?

«AgroSkills»  пилоттық жоба.  Бұл тек біздің облыста ғана емес, бүкіл елде тұңғыш рет іске қосылды. Сондықтан бұл талапкерлер үшін өте маңызды оқиға.  Егер эксперименттері  сәтті болса, бұл кәсіби шеберлік чемпионатының ауқымы  кеңейіп, қатысушылар саны күрт артатын болады.

Чемпионат тағы бір, әлемге әйгілі «WorldSkills» байқауы аясында өтіп жатыр. Бірақ онда  жұмысшы мамандықтары бойынша оқитын студенттер бәсекеге түседі. Сондықтан «AgroSkills» тек ауылшаруашылық саласына бағытталған жоба.

Дана АСАҚАЕВА, оқыту-әдістемесі орталығының басшысы:

-Бұл ауылшараушылығы қызметкерлерінің мәртебесін көтеріп, осы салаға көңіл бөліп, саланы сандық жүйеге көшіру мақсатында өтіп отыр. Шараның бастьы мақсаты қоғам өкілдерінің назарын ауыл шаруашылығы тарабына барынша аудару болып табылады.

Алғашқы кезеңде 30 қатысушы бақ сынады. Олар тек өнерін көрсетіп қоймай, техниканы жетік меңгергенін көрсетуі тиіс. Солардың бірі Әлихан Рыспай да жобаға арнайы дайындалып келген.

Әлихан РЫСПАЙ, «AgroSkills» чемпионатына қатысушы:

-Бүгін осыдна мобимльді робототехнтка бюойынша қатысам. Ол ауылшаруашығында жер жыртып, дән егуге септеседі. Мобильді техника автономды түрде жұмыс істеп, қойылған мерзімде жұмысын аяқтайды.

Қатысушылар ветеринарияда, ауыл машиналарын пайдалануда, сандық егін шаруашылығында және басқа да бағыттар бойынша жарысады. «AgroSkills» чемпионаты  4 қазанға дейін жалғаспақ.

Дәуренбек БАҚДӘУЛЕТ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар