АГРОСАЛАНЫ ТҮЛЕТКЕН «ЫНТАЛЫ»

13:07, 14 мамыр 2019

Ақтоғай ауданында мал шаруашылығы жанданып, асыл тұқымды ірі қара саны артуда. Төрт түлікті түлеткен аудан шаруалары көпжылдық шөп егуді де мықтап қолға алуда

Бұл Ақтоғай ауданына қарасты Нүркен ауылдық округіндегі «Ынталы» шаруа қожалығы.  Шаруасын дөңгелетіп отырған жеке кәсіпкер Рысбек Төлеутай малдың санынан гөрі сапасына мән берген. Былтыр Қостанай қаласынан асыл тұқымды ірі қара әкелген Рысбек ақбас сиыр мен әулиекөлді будандастырып, етті және сүтті түлікті көбейткен.  

Рысбек ТӨЛЕУТАЙ, «Ынталы»  шаруа қожалығының иесі:

-Асылдандыру болмағанда сиыр 150 келіге жетпейті. Қазір 200-230 киллограмнан кемінде басады. Қазақтың ақбас сиырын арттыру керек деп ойлаймын. Өйткені, ол біздің климатқа суыққа төзімді әрі мол өнім береді.

Қожалық иесінде жылқы саны да  400 жуықтаған. Рысбек Төлеутай  көпжылдық шөп өсіруді де қолға алған. Бүгінде 200 гектарға жуық жерге көпжылдық  шөп еккен кәсіпкер,  болашақта мал азығын1000 гектарға дейін жеткізуді көздеп отыр.

Рысбек ТӨЛЕУТАЙ, «Ынталы»  шаруа қожалығының иесі:

-3000 гектардан астам жайылым жеріміз бар. Десе де мал шөбінің мол өнімін алу үшін осы көпжылдықты егуді дұрыс деп ойладым. Күзге қарай тағы 300 гектар, ал келесі жылы 200 гектар тұқым егемін. Осы арқылы жайылым жерді де тиімді пайдаланар едім.

Нүркен ауылдық округінде дәл осындай 85 қожалық шаруаларын түлетуде. Село әкімі Жантемір Құдайбергеновтің айтуынша, «Бастау» бағдарламасы арқылы биыл да бірқатар кәсіп түрлері  ашылмақ.

Жантемір ҚҰДАЙБЕРГЕНОВ, Нүркен ауылының әкімі:

-Ауылдағы 85 қожалықтың 24-і асыл тұқымды түрлендірумен айналысуда. Осы 24 қожалық мемлекеттен субсидия алып отыр. 1200 ақбас тұқым бар. Былтыр 4 адам бизнес бастауды оқыған. Оның 3-уі жеке  ісін ашты. Биыл тағы 2 адам жеке кәсіп ашады деп отырмыз.

Бұл Ақтоғай ауданында агросаланы дамытып отырған бір ғана ауылдың тіршілігі. Мемлекеттің қолдауы арқасында  ауданға биыл тағы да асыл тұқымды ірі қара әкелінбек.

Мақсат БЕЙСЕНАЕВ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар