АДАЛДЫҚ - ПАРАСАТТЫЛЫҚ БАСТАУЫ

15:13, 14 қаңтар 2021

Парасаттылық – парақорлықтан азат қоғамды қалыптастырудың кепілі. Қарағанды облысы бойынша «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі осы бағытта «Адалдық сағаты» жобасын өткізуді жалғастыруда

«Адалдық сағаты» жобасының басты мақсаты қазақстандық жастар үшін жаңа тұлға, замандас және табысты жас көшбасшыларды таныта отырып, ұрпаққа үлгі-өнеге көрсету. Жас ұрпақты пайым мен парасаттылыққа шақырып, толық адам тұлғасын қалыптастыруға бағыт-бағдар беру. Парасаттылық, адалдық жөнінде танымал жандардың пікірі, ақыл-кеңестері бейнероликтер арқылы мектептерде, басқосулар мен әлеуметтік желілерде жарияланбақ. «Жалпы адалдық деген ананың сүтімен, әкенің қанымен келетін адамның жеке басына тән қасиет»,- деп ой түйді айтыскер ақын Дидар Қамиев.

Дидар ҚАМИЕВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, айтыскер ақын:

Бүгінгі күнгі сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың негізгі міндеті – парасаттылық идеологиясын ілгерілету, - дейді жобалық кеңсе өкілдері. Парасатты қоғам құру үшін санаға сілкініс керек, - деген белсенді жастар. Алмас Махфуз Хәкім Абай талап еткен «Толық адамға» тән негізгі қасиеттер әрбір адамның бойында болуы тиіс деп санайды.

Алмас МАХФУЗ,  «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің өкілі:

«Адалдық сағаты» акциясы арқылы айтылған еліміздің танымал тұлғалары, ақындары мен спортшылары, өзге де салада жетістікке жеткен жандардың ой-пікірлері мектеп оқушыларына ұсынылмақ. Кемел руханият пен биік ақиқаттың жоғары зерделенген парасатын танытуды көздеген жоба өкілдері «қоғамға зиян тигізбеу керек» деген ұстанымда.  

 Мақсат БЕЙСЕНАЕВ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар