АБАТТАНДЫРУ- ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА

16:32, 16 сәуір 2018

Биыл өңіріміздің абаттандыру жұмыстарына 5 миллиард теңгеден астам қаржы ақша бөлінген

Алайда, қыруар қаржы жұмсалатын салада атқарылып жатқан шаралар облыс әкімінің көңілінен шықпады.  Аппараттық жиналыста аймақ жетекшісі санитарлық талапқа сай келмейтін жерлерді атап көрсетті. Сонымен қатар жиналыста  жылыту маусымы қашан аяқталатыны мәлім болды. Биыл Қарағанды облысының қала аудандарын аббаттандыру үшін қазынадан 5 милииард теңге қаржы бөлінген. Яғни көшелер тазартылып, аббаттандырылып,  саябақтар жаңаша рең бермек. Бұдан бөлек шаһарлар  көркін сақтауда бірқатар жұмыстар атқарыламақ.

Анатолий ШКАРУПА  Қарағанды облысы әкімінің орынбасары

Ерлан Жақан ұлы, 2018 жылғы абаттандыру жұмыстарына 5 миллиард теңгеден астам қаржы бөлініп отыр. Оның ішінде, 350 аула аумақтары мен 8 бақ кіріп отыр. Аудан, қала әкімдері осы бағыттағы жұмыстарға ден қойса деген өтінішім бар. Үнемі тұрғындардан шағым түсіп жатады.

Ал, аймақ басшысы тазаланбайтын көшелер мен үйілген қоқыстар Қарағанды қаласында жетіп артылады-дейді. Тіпті, арнайы топ жіберіп, облыс орталығындағы санитарлық талапқа сай келмейтн бірқатар аумақтарды анықтаған. Абаттандыру саласындағы сылбыр қызметті сынға алған  Ерлан Қошанов орынбасары Анатолий Шкарупаға апта ішінде белгіленген жерлерді тәртіпке келтіруді тапсырды.

Ерлан ҚОШАНОВ   Қарағанды облысының әкімі

Мен арнайы жұмыс тобын жіберіп, Қарағанды бойынша қоқысқа көмілген аумақтарды топтастырдым. Міне, қолымда сол жерлерді суреттейтін альбом бар. Бұл нашар көшелердің бір бөлігі ғана. Апта соңында сол аумақтарды тағы бір аралап шығам.  Алыңызда, жұмыс жасаңыздар. Барлық аудан, қалаларда  да тазаланбаған, лас аумақтар бойынша осындай альбом жасалатын болады.

Облыс әкімінің орынбасары  аймақ басшысының ескертуінен соң, лас аумақтар жақын күндерде ретке келтірілетініне сендірді.  Сонымен қатар Анатолий Шкарупа биыл 5000 шақырымнан астам жылу құбыры қайта қалпына келтірілетінін атап өтті. Ал  облысымызда жылыту мауымы толықтай аяқталуға жақын. Бүгінгі таңда, Қаражал, Балқаш, Приозерскі қаласы мен Ақтоғай ауданында жылу бері тоқтатылған. Ауа-райы қолайлы болса, 20 сәуірден бастап Қарағанды, Теміртау қалалары үшін де жылу көзі үзілмек. Жиын барысында, өңіріміздің әлеуметтік-экономкалық дамуының алғашқы тоқсанының қорытындысы мәлімденіп, республика бойынша облысымыз әр салада жақсы көрсеткішке қол жеткізгені белгілі болды.

Мақсат БЕЙСЕНАЕВ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫНА АЛҒЫС БІЛДІРДІ
18:17, 11 шілде 2018
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫНА АЛҒЫС БІЛД...
Толығырақ...