АБАЙЛАҢЫЗ, МҰЗ!

16:54, 6 желтоқсан 2018

Әр нысанның шатырында сояу болып қатқан сүңгілер мен тау болып үйілген қар қауіпті деп тұрғындар шағымдануда. Бұл мәселені шешу қандай мекеме-ұйымның құзырында? Әлде тұрғындардың міндеті ме?

Иә, бұл өзекті мәселе қазір қараша халықтың назарынан тыс, көңілінен таса қалып отырған жоқ. Себебі, олар үстеріне төбеден мұз құлап, дене жарақатын алудан қорқатындарын айтады. Қарағандыдағы бірқатар көпқабатты тұрғын үйлер мен  мекемелердің шатырында үшкір мұздар самсап тұр.  Түсірілім барысында шатырға қатқан мұзды түсіру ПИК-тің міндеті екенін анықтадық. Алайда, мамандардың сөзіне сүйенсек, бұл қызмет үшін тұрғындар тағы қосымша ақша төлеу қажет. Яғни, айына 80 теңге. «Атлант» пәтер иеленуші кооперативі өкілінің айтуынша, олар аптасына бір рет тазалау жұмыстарын жүргізіп, бұл мәселені қатаң бақылауда ұстайды.

Лариса МАНТЕЛЬ,  ПИК өкілі:

- Біз әрине қыста шатырларды, аулаларды қардан тазалап, мұз кесектерін алып, тазартып тұрамыз. Бұл біздің міндетімізге кіреді. Себебі, біз тұрғындармен келісімшартқа отырғанбыз. Тіпті, қарасаңыз мынада барлығы анық көрсетілген. ПИК-тің міндеттері деген шарттың 12-ші пунктінде көрсетілген.

Қарамағында 28 үй бар аталған ПИК төрайымының сөзінше, өзге ұйымдарға қарағанда апаттардың алдын алуға тырысады екен. Өкінішке орай, барлық кооперативтер адам өміріне қауіп төндіретін мұздарды жоюға мән бермейтін сыңайлы. Бұған бірнеше тұрғын үйдің шатырларынан анық аңғаруға болады. Тұрғындардың көпқабатты тұрғын үйлердің шатырына шығып, өз бетімен қар тазалауы көптеген қайғылы жағдайларға әкеліп жатады. Сондықтан да бұл жұмыспен тек арнайы ұйымдардың қызметкерлері   айналысу керек,- дейді мамандар. Мәселен, 1355 құтқару қызметі 3 күннің ішінде 20 үйдің шатырын қар мен мұздан тазалаған. 80 теңгеге қызметке қосылған өз тұтынушыларына осылайша қызмет көрсетеді екен. Ал, шұғыл апатты жағдай болғанда тіпті, тегін шығатындарын айтады мекеме басшысы.  

Юлия КАЗЛОВА,    «Қарағанды ТЖ Құтқару Қызметі» ЖШС:

-Біздің құтқару қызметі мұндай шараларды жиі тексеріп, назарда ұстап отырады. Тұрғындар хабарласып, өз өтініштерін білдірген жағдайда 1-2 күннің ішінде барып жұмыс тобы олқылықтың орнын толтырады. 1355 байланыс нөміріне хабарласып шақыра аласыздар. Ал, өз тұтынушыларымызға түбіртектеріне ай сайын 80 теңге келіп тұрады.

Еске сала кетейік, ағымдағы жылдың 20-шы қарашасында алматылық әйелдің басына мұз түсіп мерт болғаны хабарланған болатын. Оқиға күндізгі уақытта, 9 қабатты кеңсенің алдында орын алған.      /архив интернет/Абырой болғанда, Қарағандыда соңғы жылдары мұз құлап, зардап шеккен факті тіркелмеген. Алайда, төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері тұрғындарды мұқият әрі сақ болуға, көшеде үйлердің жиектерінен алысырақ жүруге, автокөлікті үйлердің қасына қоймауға кеңес береді. Ал, ПИК өкілдері мен мекеме-ұйымдардан мұз кесектері мен сүңгілерін жоюларын сұрайды.

Айдана ДАСТАН

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫ – МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕ
17:11, 7 желтоқсан 2018
ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫ – МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕ
Толығырақ...