АБАЙЛАҢЫЗ, АТА-АНА!

16:46, 23 мамыр 2018

Қарағанды облысында күйік шалып, ауруханаға түскен балалардың саны артқан

Бүгінгі күні облыстық балалар клиникалық ауруханасында 100-ден астам балғын ем алуда. Облыстық балалар клиникалық ауруханасы 70 адамға шақталған. Алайда, мұнда қазір ем алушы балалардың қатары қалың. Олардың басым бөлігі үй тұрмысында қолданылатын химиялық заттарды абайсызда ішіп, іш құрылысы мен өңешіне зақым келтіргендер. Жалпы, хирургия бөлімінің меңгерушісі Ехлас Ақмолдаев күнде таңертен балғындардың халін біліп, бөлмелерді аралап шығады.

Ехлас АҚМОЛДАЕВ,  жалпы хирургия бөлімінің меңгерушісі

Кішкентай балаларды бір сәтке жалғыз қалдыруға болмайды. Олардың ағзасы әлсіз. Сондықтан, емдеу қиын болады.

Сондай-ақ, дәрігерлердің сөзінше, мұндай оқыс жағдайлар ата-ананың толыққанды балаларына көңіл бөлмеуінен орын алады. Яғни, үй тұрмысында қолданатын химиялық заттарды қол жетімді  жерге қойғанның салдарынан көрнеді. .

Жанат ЕЛУБАЕВ,  облыстық балалар клиникалық ауруханасы директорының орынбасары

Бізде ауруханада күйік шалып түскен балалар өте көп. Толығымен қарап, уақытылы емін жүргізіп жатырмыз. Деседе, ата-аналар абай болған жөн.

Венера Вальдбауэр бір жарым жастағы баласымен ауруханада екі аптадан бері жатыр. Оның кішкентай қызы қайнап тұрған шәйнектегі суға күйіп қалыпты. Айтуынша, үй шаруасына алаңдап, баладан көзін таса қылған сәтте орын алған.

Венера ВАЛЬБАУЭР, ем алушы баланың анасы

Ауруханада бізге дәрігерлер жақсы қарап жатыр. 2 аптадан бері балам ем алуда. Абырой болғанда балам тәуір болып келе жатыр.

Ал, өз кезегінде ақ халатты абзал жандар ата-аналарға балаларын қараусыз қалдырмауға және тұрмыстық химиялық заттарды қол жетімсіз жерге қоюларын сұрайды. Себебі, ішкі химиялық күйіктерді емдеу өте ұзақ уақытқа ал оңалту бірнеше жылдарға созылады. Мамандардың  айтуынша, Қазақстанда мұндай ота тек Астана мен Алматы қалаларында ғана жасалады.

Айдана ДАСТАН

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

ҚАРАУСЫЗ ҚАЛҒАН БАЛАЛАР ТЕРЕЗЕДЕН ҚҰЛАУДА
16:33, 16 тамыз 2018
ҚАРАУСЫЗ ҚАЛҒАН БАЛАЛАР ТЕРЕЗЕДЕН ҚҰЛАУДА
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар