АБАЙЛАҢДАР, БАЛАЛАР!

13:36, 4 қыркүйек 2019

Қарағанды облысында «Абайлаңыздар- балалар!» атты жедел профилактикалық шарасы өтуде.Осы айдың соңына дейін полицейлер және жас инспекторлар балаларға мектепке баратын жолда сақталуы тиіс ережелер туралы түсіндіреді

Бұл жолы полицейлер  мен жас инспекторлар балаларға жол ережесін бүге-шігесіне дейін айтып түсіндірді.Шара барысында олар оқушыларға жолда өткенде жан-жағына қарайлап, жүру керектігін де егжей-тегжейлі ескертті.Ал «Абайлаңыздар –балалар! » жедел алдын алу шарасы аясында көптеген акциялар қарастырылған. Осы күні жол сақшылары жүргізушілермен  балғындарға жадынама қағаздарын таратты. Ауқымды акция жаңа оқу жылымен тұспа-тұс келді.

Дәурен ӘБІЛДИН, ПД ювеналдық полицияның аға инспекторы:

- Оқу жылында семинарлар, кеңестер, сынып сағаттары, ата-аналар жиналысы өткізілмек. Бізде алдағы уақытта  аталған шаралар шеңберінде  жол қауіпсіздігі жөнінде жұмыстарды бірлесе атқарамыз.  Жоспарлы акцияларға  жаси инспекторлар  білім беру ұйымдары және  денсаулық сақтау мамандары мен  мемлекеттік органдар қатысады.

Мектепке барар жолдағы  қауіпсіздікті  арттыру үшін алдымен өрендер ережені жіті білуі тиіс.№95 мектеп-гимназиясының жас инспекторлары  балаларға  жолда жүру тәртібін үйретуге барынша көмектесуде. Оқушылары былтыр Қызылорда облысында өткен слетта үздік атанған.

Мария ЖАКИНА, №95 мектеп-гимназиясының директоры:

- Біз біздің мектептің жанында орналасқан балалар бақшаларымен бірлескен жұмыс жүргіземіз. Онда біздің балалар кішкентай балаларға жол жүру ережелерін білуге баулиды.  Мақсатымыз қаланың жолдарындағы қауіпті сейілту.

Іс-шара аясында мектеп инспекторлары  әкімшілік полиция қызметкерлерімен бірлесіп мектеп жанында  кезекшілік ететін болады. "Абайлаңыз-балалар!"" жедел профилактикалық акциясы қыркүйек айының соңына дейін жалғасады.

Жанбота РАХМЕТУЛЛАҰЛЫ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар