АБАЙ МҰРАСЫ – МӘҢГІЛІК ҚАЗЫНА

17:28, 14 ақпан 2020

Қарағандылық оқушылар Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған дүниежүзілік челленджге барынша атсалысуда.Балғындар ұлы ақыннің туындыларын нақышына келтіріп орындады

Қарағанды қаласындағы №39 гимназия оқушылары ұлы ақынның әуезді әндерінің бірі  «Көзімнің қарасын»  әуелете орындады.Бір ерекшелігі өрендер туындыны сахнада емес, қоғамдық көлікте тамылжыта шырқады.Дегенмен бұл жерге жиналған тыңдарманның қарасы қалың.

Рамазан АБЫЛАЕВ, №39 гимназияның оқушысы:

-Тау тұлға Абай Құнанбаевтың  шығармалары  жас ұрпақ үшін сөнбес сәуле екені анық.Ақынның өрнекті өлеңдері арқылы  біз өн бойымызға өнегемен ерекше рух аламыз.Маған осындай шаралар қатты ұнайды.

Гимназия оқушылары қазақтың хакімі Абай Құнанбаевтың әсерлі әндерін автобуста алғаш  рет әуелетті.Ал ұлы ақынның көптеген туындалары  жолаушыларға жақсы таныс.Сондықтан кемел ойлы кемеңгердің өрнекті  өлеңдері көрерменді  терең ойдың кемесіне мінгізіп, теңізіне шомылдырып жіберетіні сөзсіз.

Сәуле АҚПАРОВА, Қарағанды қаласының тұрғыны:

-Менің ойымша, бұл  игі бастама.Жас ұрпақ  қазақ әдебиетінің негізін нық қалаған қалаған заңғар тұлға туралы сан қырынан білуі тиіс.Балаларымда Абайдың әндерін жатқа айтады.

Рухани шара шеңберінде  өрендер  қоғамдық көлікке Абай Құнанбаев бейнесі бейнеленген плакаттарды жабыстырды.Енді балғындар философ, композитор туралы жаңа челлендж ойластырмақ ниетте.

Жанбота РАХМЕТУЛЛАҰЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар