АБАЙ МҰРАЛАРЫ

15:38, 14 қаңтар 2020

Қарағандыдағы Абай атындағы балалар кітапханасында Ұлы ойшыл Абай мұраларының көрмесі өтті

Көрмеге өткен ғасырдың 40-шы жылдары жарық көрген кітаптар, мерзімді басылымдар, жалпы саны 130-дан астам құнды құжаттар  жұртшылық назарына ұсынылды. Арнайы ұйымдастырылған рухани шарадан  ұлы ойшыл ғұламаның әлемнің бірнеше тіліне аударылған шығармаларын көріп, байқауға болады. Осы күні қазақтың бас ақыны мұраларын тамашалауға келген һакім Абай жайында түсірілген деректі фильм көрсетілді. Жас оқырмандар үшін «Абай жолы» романының электорнды нұсқасы жасалған және қара сөздерінің аудиодискісін тыңдауға мүмкіндік туды.

Баян УАТАЕВА,  Абай атындағы  кітапхана директоры:

- Абайға қатысты қандай да бір дүние болсын, біз Абай атындағы кітапхана болғандықтан оны жинауға тырысамыз және сақтаймыз, сонымен біз мақтанамыз. Абай өмірін Абайдың көзқарасын жастар білсін,жастар тек әлеуметтік желіде отырмай кітап арқылы өзінің биікке көтерілуіне өзінің жетістікке жетуіне бағыт жасасын деген мақсатпен осындай көрме ұйымдастырып отырмыз.

 Сейітқали ӘШІМ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар