«АБАЙ КҮНІ»

17:05, 10 тамыз 2020

ҚР үкіметінің қаулысымен 10 тамыз Абай күні болып бекітілді. Бұл Қазақ әдебиеті һәм руханиятының Хан-Тәңіріндей ұлы ақынның 175 жылдығындағы басты жаңалықтардың бірі болды. Бүгін Қарағанды шахарында орналасқан һәкімнің ескерткішіне облыс әкімі Жеңіс Қасымбек пен зиялы қауым өкілдері гүл шоқтарын қойды

Елге танымал жас ақын, «Серт» кітабынң авторы Жәнібек Әлиман Абайдың өлеңін оқыды. Рәсім осылайша қасиетті поэзиямен басталды. Содан кейін өңір басшысы Жеңіс Қасымбек пен зиялы қауым өкілдері ескерткіш алдына гүл шоқтарын қойды.

Алаштың аяулы ақыны Серік Ақсұңқарұлы қазақ аталған жерде Абай да аталады деп, ұлы ойшылдың ұлт тарихындағы ерекше орнын өзінше айқындап берді.  Сонымен қатар, орыс халқы Пушкинін қалай ұлықтаса, Алаш та өз Абайының атын аспандатып жатыр деп қуанышын білдірді.

Серік АҚСҰҢҚАР, ақын:

-Біздің бәріміз де кеудемізді ашып ұлы Абайдық алдында тұрмыз. Ішімізде қандай дерт, қайндай өрт - бәрін сол Абайдан көреміз. Бүгіннен бастап қазақтың күнтізбесіне Абай күні енді. Бұл Рейсейдегі Пушкин, Блок, Есени, күндері секілді қасиетті күн болмақ. Абайға қарап ойланамыз, Абайға қарап толғанамыз. Әр ісімізді Ұлы Абай қалай қабылдар екен деп ойда жүреміз.

«Вайнах» шешен-ингуш этно-мәдени бірлестігінің төрағасы Увайс ДЖАНАЕВ Абайдың мұрасын ұлттық рухтың сарқылмайтын бұлағына теңеді.

Увайс ДЖАНАЕВ, «Вайнах» шешен-ингуш этно-мәдени бірлестігінің төрағасы:

- Абай үлкен реформатор. Оның туындылары бүгінгі күнмен ұштасып жатыр. Оның мұрасы таусылмас мөлдір бұлақ. Сол бұлақтан бүкіл қазақ ұлты сусындап жатыр.

Қарағанды облысының әкімі өзінің фейсбук парақшасында өңір тұрғындарын осынау атаулы күнмен құттықтады. Өңір басшысы жазбасында:

«Қадірлі жерлестер!
Қазақстан күнтізбесі тағы бір мерейлі мерекемен толықты. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолдауымен, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен 10 тамыз "Абай күні" болып белгіленді. Яғни, бұл күн ұлтымыз үшін асқақ рух, жарқын жасампаздықтың мейрамына айналмақ» деп жазды. 

Бүгінгі күнді «Абай күні» деп тегін атаған жоқ. 10 тамызда қазақтың бас ақыны дүниеге келген.

Ерік НАРЫН

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 


 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар