8 КҮН АШТЫҚ ЖАРИЯЛАҒАН

17:15, 19 қараша 2020

Естеріңізге салайық, "ZETA" дүкенін өртеді деген айыпталушы Ғабит Қарашев 8 күн аштық жариялаған. Анасының айтуынша, бір-екі күннен кейін бірден оның жағдайы нашарлап кеткен. Ал, түзету мекемесі мамандары болса, Ғабит Қарашевтің жағдайы қалыпты екенін айтады

Темір торда телміріп отырған  Ғабит Қарашевтің өзіне аштық жариялағанына 4-ші күн. Анасы Skype арқылы сөйлескен кезде ол өзінің тамақтан бас тартқанын айтқан. Карантин салдарынан анасы тергеу изоляторына келе алмаған. Мақсат Қарашева өз ұлын кінәсіз деп санайды. “Оның денсаулығына қатты алаңдаймын. Ұлым мұндай бассыздыққа бармайды”, - дейді көз-жасы көл болған ана.

Мақсат ҚАРАШЕВА, анасы:

- Екінші жыл менің ұлым осында отыр. Ол мүлдем кінәлі емес. Облыстық сот болды. Ол заң бұзушылықтарға байланысты үкімнің күшін жойды. Төртінші күні ол аштық жариялады. Егер оған бірдеңе болса, ол үшін кім жауап береді? Заң қайда?

Біз мәселенің мән-жайын анықтау үшін қылмыстық-түзету жүйесі департаментіне сауал жолдадық, Ғабит Қарашевтің жағдайы туралы сұрағанымызда олар камераға айтудан бас тартты. Тек жазбаша түрде жауап берді.

Сіздің 2020 жылғы 16 қарашадағы сұрауыңызға келесіні хабарлаймыз:

Қарағанды қаласының "АК-159/1 мекемесі" РММ құрамындағы Қарашев Ғабит Кенжеұлы қазіргі уақытта тамақтанудан бас тартпайды, денсаулық жағдайына шағымдары жоқ.

Естеріңізге сала кетейік, бірінші инстанция соты Ғабит Қарашев пен Самрат Қайыржановты "ZETA"дүкенін өртеуге кінәлі деп таныған болатын. Үкіммен келіспеген олардың қорғаушылары апелляцияға жүгінген. Нәтижесінде сот үкімі жойылды. Істі прокуротураға екі рет жіберген. Алайда  прокуратура мұндай шешіммен келіспеген, сотқа жеке өтініш берді. “Ал, сот үкімнің күшін жою қамаудан босауға көмектеспейді”, - дейді тәртіп сақшылары.

Нұрсұлтан ҚАЛДЫРБАЙ,  облыстық прокуратураның ресми өкілі:

- Ағымдағы жылдың 2 қарашасында Қарағанды қаласының Қазыбек би атындағы ауданының прокуратурасы осы сот шешіміне Қарағанды облыстық сотына оның күшін жою туралы жеке өтінішхат енгізді. Қазіргі уақытта ол қаралуда. Осыған байланысты Қарашевке бұлтартпау шарасын өзгерту және оны қамаудан босату туралы мәселе мерзімінен бұрын босату болып табылады.

Дмитрий Куряченко Ғабит Қарашевтің қорғаушысы. Ол істі тоқтату керек деп санайды. Оның айтуынша, жас жігітке жазықсыз жала жабылуда. Сонымен қатар, қылмыстық іс жүргізу кодексі бойынша қайта дәлелдемелер жинауға тыйым салады.

Дмитрий КУРЯЧЕНКО, қорғаушы:

- Материалдық шығындарды есептеу үшін дүкендердегі барлық заттардың бағасын білуіңіз керек. Мұны басқаша бағалау мүмкін емес. Енді қайтып дүкенді өртей ме? Әрине, бұл санаға сыйымсыз.

Облыстық сот прокурордың өтініші қаралғанға дейін түсініктеме беруден бас тартты. Ал, Ғабит Қарашевтің анасы бас прокуратура мен жоғарғы сотқа жүгінбекші.

Жаннұр СҮНДЕТУЛЛАҚЫЗЫ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар