47 МЫҢ АДАМ КӨМЕК АЛДЫ

12:09, 7 шілде 2020

Бірлесе білген ел жеңеді. Елбасы Н.Назарбаевтың бастамасымен құрылған Birgemiz қорынан Қарағанды облысының ауылдарында тұратын мұқтаж отбасылар тағы да көмек берілді. Бұл осымен тиісті санатқа жататын жандарға берілетін біржолғы атаулы төлемдердің төртінші толқыны

Ағымдағы жылдың 30 маусымнан бастап, «Birgemiz-Qaragandy» аймақтық қоғамдық қоры Ақтоғай, Жаңаарқа, Қарқаралы, Нұра, Осакаров, Ұлытау және Шет аудандарында төлемдер жүргізді.   Төртінші мәрте берілген қолдауды   ауылдық елді мекендердегі 5300-ден астам  мұқтаж жандар алған.  Осыған дейін облыста 50 мың теңге көлемінде 41 678 тұрғын көмек алды. Аталмыш төлемдердің жалпы сомасы 2 млрд теңгеден асып отыр.

Қадиша ОСПАНОВА, «Nur Otan» партиясы ҚОФ төрағасының бірінші орынбасары:

- «Біргеміз» қорынан берілетін көмекпен облысты толықтай қамтыдық. 50 мың теңге бір реттік төлеммен жалпы сомасы 2,4 миллиард теңге төлем 47 мың адамға берілген. Қарағанды облысының тұрғындары әлеуметтік желілерде Елбасына және партияға қолдау көрсетіп, қиын сәтте демеу болған кездегі жәрдем үшін Алғыстарын айтуда. Облысқа қарасты қала, аудандардағы көмек алуға тиісті жандардың барлығына берілді. Осы орайда, карантиндік шектеулер кезінен бастап партиямен бірлесіп тұрғындарға қолдау көрсеткен меценаттар, ерікті жастарға алғыс білдіремін. Сондай-ақ, әлі де қауіпі сейілмей тұрған қауіпті аурудан облыс тұрғындарын сақтанып жүруге шақырамын.

Материалдық көмек:    «Birgemiz»  қорынан 50 000 теңге түсті» деген   мазмұндағы SMS арқылы көрсетіліп, беріліп отырған.  Қолдау төрт санаттағы азаматтарға көрсетілді. Бұан дейін «Нұр Отан» партиясының облыстық,  қала, аудандағы филиал өкілдері төтенше режим кезінде тұрғындарға ыстық тамақ, азық-түлік, дәрі-дәрмекпен қолдау көрсеткен болатын.   

«Birgemiz» республикалық қоғамдық қоры Елбасының бастамасымен мұқтаж азаматтарға қолдау көрсету үшін құрылған еді. Қазір әлеуметтік көмекті  облыстың 47 мыңнан астам тұрғыны алған.

Мақсат БЕЙСЕНАЕВ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар