338 ОТБАСЫНА ТЕГІН КӨМІР ТАРАТЫЛДЫ

12:13, 16 қараша 2020

Жаңаарқа ауданына қарасты Қызылжар кентіндегі тұрғындарға қысқы отын қоры молынан жеткізілді. Аталған ауылдағы 300-ден астам отбасына тегін көмір таратылды. Көпшілік кенелген көмек «Шұбаркөл көмір» акционерлік қоғамы мен «Жаңа тынысы» қоғамдық бірлестігі арасындағы келелі келісімшарттың айқын көрінісі

Қызылжар кентінің тұрғыны Сырым Нұрғалиев те көпке көрсетілген көмектен шет қалмады. Жетпіс үш жастағы ақсақалға бұл күні тоғыз тонна көмір тегін берілді. Қазыналы қарт мұндай көмекке осымен төртінші мәрте кенеліп отыр. “Қысқы отынымыз мол болғандықтан, үйіміз енді құстың ұясындай жып-жылы болады дейді”, - зейнеткер.

Сырым НҰРҒАЛИЕВ, зейнеткер:

Жалпы, Қызылжар кентіндегі 338 отбасына 3 мың тоннадан астам қызуы күшті қиыршық көмір үлестірілді. Қайырымдылық жобасы аясында әрбір үйге 9 тоннадан қысқы отын таратылды.

Төлеубай МҰСАЕВ,  Қызылжар кентінің тұрғыны:

Көпшілік кенелген көмек «Шұбаркөл көмір» акционерлік қоғамы мен «Жаңа тынысы» қоғамдық бірлестігі арасындағы келелі келісімшарттың нақты нәтижесі. Игі бастаманың ілгерілеуіне Жаңаарқа ауданының билігі барынша бейіл танытқанын айтады Саягүл Айтбаева.

Саягүл АЙТБАЕВА, «Жаңа тыныс» қоғамдық қорының төрайымы:

Мұнда қ қуатты кәсіпорыннан  44 вагон көмір жіберіліп,жергілікті жұртқа таратылды.Шұбаркөл көмірінің халыққа тиімді таратылуын «Жаңа тыныс» қоғамдық қорының сенімді өкілдері қалт жібермей бақылайды.Тонна-тонна көмірді әр үйге жеткізу құны да қолжетімді.Қықасы, қызылжарлықтар қысқы отыннан тарықпайды.Қайта қақаған қыста бойлары қыз-қыз қайнап отыратынын айтады, кенттегі ағайын.

Жанбота Рахметуллаұлы

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

  

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар