170 МИЛЛИОН ТОННА КӨМІР ӨНДІРДІ

16:43, 5 тамыз 2019

Еуразиялық топтың 25 жылдығы қарсаңында кәсіпорын кеншілері жаңа рекордтқа қол жеткізді. «Шұбаркөл көмір» АҚ кеншілері разрездің негізі қаланғаннан бері 170 млн тонна көмір өндірген

Жетістік кәсіпорын үшін ғана емес, елдің тау-кен өндірісі саласы үшін атаулы болып есептеледі. 170 млн тонна қуаты күшті, шығыны аз көмірді «Орталық» разрезінің 1-ші эксковатор бригадасы өндірген. Осылайша кешілер Шұбаркөл разьезінің тарихына өз есімдерін айшықтап жазды.

Ахмадия АХМЕТОВ, «Шұбаркөл көмір» АҚ машинсті:

-Жұмыс істеп жатқан адамдардың барлығы тең болуымыз керек. Тіпті ойлаған жоқпын, менің ауысымымда рекортқа қол жеткіземін деп. Әркімге қалай келді, солай болды, бұл тағдыр енді.

Николай ЗАТОННЫЙ, «Шұбаркөл көмір» АҚ машинст көмекшісі:

-Санның өзі қаншалықты көп көмір өндіргенімізді көрсетіп тұр. Елімізге толық жететін қор.

«Шұбаркөл көмір» АҚ өкілдерінің айтуынша жаңа өндірістік жетістік бірінші кезекте бүкіл ұжымның жоспарлы жұмысының нәтижесі болып табылады.

Марат ҚУАНЫШБАЕВ, «Орталық» тау-кен цехі басшысының орынбасары міндетін атқарушы:

-170 млн тонна көмір беріп отырмыз. Бұл үлкен жетістік. Осындай қарқымен алға баса береміз. Көмірді Қазақстанда ғана емес, жер-жерге жіберіп жатырмыз. Шұбаркөлдің алдағы мақсаттары көп.

Еске салсақ, былтырғы  жыл қортындысы бойынша «Шұбаркөл көмір» АҚ 11 млн 600 мың тонна көмір өндіріп, рекорт тіркеген. Қазір кәсіпорында инвестициялық бағдарлама аясында іске асырылатын тау-кен жабдығы паркін жаңарту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Өндіріс ошағы биыл кәсіпорынның теміржолдарын жаңартып, замануи жүк көліктерін сатып алған. Қызметкерлердің демалыс орынында  күрделі жұмыстар аяқталды. 

Дәуренбек БАҚДӘУЛЕТ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар