17 ақпан, жұма күні облыс әкімінің халықпен кездесуі өтеді

Тұрғындар алдында есеп бермес бұрын Нұрмұхамбет Әбдібеков қоғамдық кеңес мүшелерімен кездесіп, аймақта атқарылып жатқан жұмыстар мен болашақ жоспарларды талқылады

18:27, 16 ақпан 2017   113

2016 жылды Қарағанды облысы жақсы көрсеткіштермен аяқтады. Атап айтар болсақ, жалпы өнім көлемі өскен. Орташа жалақы мөлшерінде  де өсім бар.Бүгінде біздің  аймақ өнеркәсіп  өндірісі  бойынша  көш бастап тұр. Негізгі капиталға инвестиция құю 315 миллиард теңгеден жоғары болған.   Енді осы көрсеткішті одан әрі жақсарту жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Нұрмұхамбет ӘБДІБЕКОВ Қарағанды облысының әкімі

  • Соның ішінде облыс экономикасы жақсарды, халықтың тұрмыстық деңгейі  де артты. Біршама жетістіктерге жеттік.

Басқосуда бірқатар мәселелер талқыланды. Кеңес мүшелері толғандырған сұрақтарын ортаға салды.

Николай КАЛАШНИКОВ ІІМ ардагері

  • Тұрғындардан тариф мәселесі бойынша шағым көп түседі. Сондай-ақ, қалааралық автобустардың қатынауы да  алаңдатуда. Себебі, аязды күндері көп күтеміз дейді.  Осы тұрғыда қандай шара қабылдайсыздар?

Нұрмұхамбет Әбдібеков Қарағанды облысының әкімі

  • Қаларалық автобустардың жағдайы  жіті бақылауда. Себебі, жолаушылар қатары кейде сирейді,  кейде көбейеді. Сондықтан  жолаушылар ағынын тексеріп, қадағалап  отырамыз. Бұл бағытта жұмыс жүргізіледі. 

Қоғамдық кеңес мүшелері жастарды кәсіпкерлікке тарту,  мемлекеттік және жеке әріптестік байланыстың оң жолға қою сияқты бүгінгі уақыттың басты тақырыптарын назардан тыс қалдырмады.  Екінші ЖЭО –ның жағдайы мен көктемгі қар еру кезінде су тасқынын болдырмау жайы  да сөз болды.

Рымбала ОМАРБЕКОВА Қарағанды қаласының Құрметті азаматы

  • Биыл қыс қарлы. Осы орайда көктемгі су тасқынын болдырмас үшін қандай шара қолданып жатырсыздар?

Нұрмұхамбет Әбдібеков Қарағанды облысының әкімі

  •  Жұмыс белсенді жүргіліуде. Арнайы мамандар қазір өңірлерді аралап, қажетті жұмыстарды мықтап қолға алды. Әрине алдын ала жұмыс  арқылы су тасқынын болдырмаймыз деп ойлаймын.

Облыс әкімдігі мен қоғамдық кеңес бірлесе жүргізген бұл жұмыс нәтижелі болды деп қортындыланды. Қос тарап жаңа мақсат-міндет қойып, оны жүзеге асыру жолында тынбай еңбек етеміз деп тарқасты.

Райхан САЙРАНБЕКҚЫЗЫ

«Қазақстан-Қарағанды» телеарнасының ресми сайты

100000, Қарағанды қаласы, Жауынгер-интернационалистер көшесі, 14 үй Байланыс телефондары: 8 (7212) 41-11-25