«100 ЖАҢА ОҚУЛЫҚ».БОЛАШАҚҚА БАСТАМА

16:36, 29 мамыр 2018

Қазақ тіліне аударылған әлемдік озық кітаптар Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті студенттерінің қолына тиді

Елбасының «100 жаңа оқулық» бағдарламасына сәйкес 18 кітап әкелінді. Әлемдік ғалымдардың еңбектерін енді қарағандылық студенттер мемлекеттік тілде таныса алады. Бұл мол мүмкіндікке жастар Елбасының «100 жаңа оқулық» бағдарламасы аясында қол жеткізіп отыр.   Кітаптар   экономика, фиолсофия, саясаттану, әлеуметтану, және гумманитарлық бағытта жазылған.

Данияр РАХЫМЖАНОВ Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ  студенті

100 жаңа оқулықтың ішінде болашақ экономист мамандарға 3 кітап ұсынды. Экономист кітабы, кәсіпкерлік және менеджмент кітаптары. Бұлар АҚШ-та көп оқылатын кітаптар. Бұл кітаптардың бізге берері, әлемде  болып жатқан экономиканың құбылыстары нақтыланып зерттеп, экономика базалық білім береді.

Әзірге мемлекеттік тілге 18 оқулықты аударылыпты. Бұл бағытта аудармашылар, тіл мамандары мен ғалымдар жұмыс жасаған.  Жаңа туындыларды қазір облыстағы  барлық жоғарғы оқу орындары алдырып жатыр.   

Рымбек ЖҰМАШЕВ Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың бірінші проректоры

Біздің университетке 4000 дана оқулық келіп түсті. 200 ден астам дана әрқайсысна .Жаңа оқу жылдан бастап 17 оқулықты оқу айналымға кргіземіз.  

Педагоктар қазақша аударманың сапасын жоғары бағалап отыр. Айта кету керек бұл әдебиеттерді  Оксфорд және Гарвард оқытушылары пайдаланады екен.  

Гүлбақша АҚАЖАНОВА

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар