«100 ЖАҢА ЕСІМ»

16:26, 14 қыркүйек 2018

«Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының ІІ кезеңіне өтініш қабылдау жалғасауда. Аталмыш жобаға кез-келген үміткер қатыса алады. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің кезекті брифингінде «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің бас менеджері кеңінен айтып берді

«100 жаңа есім». Бұл өзін сөзбен емес, іспен дәлелдеп, өзгелерге үлгі болып жүрген азаматтарды елге таныстыруға бағытталған жоба. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жүзеге асқан бұл бастама бүгінде білікті де, білімді азаматтардың басын біріктірді. Жобаға білім, медицина, мәдениет саласы мен жас кәсіпкерлер, сондай-ақ туған елдің дамуына өлшеусіз үлес қосып жүрген жандар қатыса алады.

Айдана ДАСТАН,  «SARYARQA» телеарнасының тілшісі:

- Бұл жобаның биыл екінші рет өткізілейін деп отырғанын білеміз. Өткен жылы Қарағанды облысы бойынша қанша өтініш келіп түсті, оның нешеуі жеңімпаз болды?

Серік САНАУБАЕВ,  «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің бас менеджері:

- Өткен жылы 194 өтініш келіп түсті. Оның 7-уі жоғары дауыс жинап, жеңімпаз атанды. Қазақстанның түкіпр-түкпірінен қатысады, үздіктер көп, сондықтан олардың арасынан осынша адам шыққанына қуаныштымыз.

«100 жаңа есім» бастамасына жасы 18-ден асқан азаматтар қатыса алады. Айта кету керек, биыл бұл жобаға біршама өзгерістер енгізілді. Мәселен, бұрын азаматтар өз-өзін ұсына алса, осы жолы іріктеу жобаға қатысу туралы өтініштерді үкіметтік емес ұйымдар арқылы беру әдісімен жүзеге асырылатын болады.

Естеріңізге сала кетейік, «100 жаңа есім» жобасына іріктеу қыркүйек айының соңына дейін жалғасады. Егер сізде өзіңізді лайық деп таңысаңыз 100esim.el.kz сайтына кіріп, өтініш толтыра аласыз.

Айдана ДАСТАН

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

ДІНИ САУАТТЫЛЫҚ – ҚОҒАМ ҚАУІПСІЗДІГІ
16:28, 21 қыркүйек 2018
ДІНИ САУАТТЫЛЫҚ – ҚОҒАМ ҚАУІПСІЗДІГІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар