Триумфаторлар елге оралды

15:40, 24 тамыз 2016

Рио-де-Жанейрода өткен жазғы Олимпиада ойындарының қатысушылары мен мен жүлдегерлерін өткен түнде жүздеген жанкүйерлер Елорада әуежайында күтіп алған болатын. Ал олимпиада ойындарының қола жүлдегері жерлесіміз Эльмира Сыздықованың құрметіне орай шаһарымызда авто шеру ұйымдастырылды

Рио қаласындағы олимпиаданы аяқтап Елорда төріне жеткен спортшыларымыз өткен түнде әуежайдан түсті. Оларды қатарында, төрткүл дүниенің мықтылары тартысқа түскен сайыста көк туымызды желбіреткендердің легінен көрінген Эльмира Сыздықова да бар. Эльмира Сыздықованың еркін күрестен алған медалін қарағандылықтар қуанышпен тойлады. Батыр қыздың құрметіне ұйымдастырылған автошеру, қызыл кілем мен жанкүйерлердің үздіксіз қолтаңба сұрауы олимпиада чемпионының абыройын асыра түсті. Осылайша, әлемнің бозкілем мықтыларының жауырындарын жер иіскеткен 24 жастағы қыз – ел батырына айналды. Айта кетсек, Эльмира әйелдер арасындағы күрестен 69 келіге дейінгі салмақ арасындағы тартыста қола жүлдені еншіледі. Ол бұл медаль үшін египеттік Энас Мустафамен  белдесіп қарсыласын  7:4 есебімен тізе бүктірген болатын. Осылайша, Қазақстан қоржынын 12-інші медальмен толықтырды. Эльмира Сыздықова қаламыздағы Әлия Молдағұлова атындағы спорт мектеп интернатының түлегі. Халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Оның соңғы жылдардағы үлкен жетістігі Азия чемпионатындағы күміс жүлдесі. Оның биіктен көрінуіне жаттықтырушысының ықпалы зор болады. Эльмира Сыздықоваға бір бөлмелі пәтер кілті тапсырылады. Сонымен қатар, күрес федерациясы да ерекше сый құрмет көрсетпекші.  Рио олимпиадасында біздің 11 спортшы алты спорт түрінен сынға түскен болатын.  Барлық олимпиада ойындарына қатысқан спортшыларды марапаттау рәсімі ертең мұз айдыны сарайында өтеді.   

Мақсат БЕЙСЕНАЕВ

Тақырып бойынша материалдар

Рио олимпиадасының қола жүлдегері Эльмира Сыздықованың ата-анасына облыс әкімі пәтер мен автокөлік кілтін тапсырды
20:35, 26 тамыз 2016
Рио олимпиадасының қола жүлдегері Эльмира Сыздықованың ата-а...
Толығырақ...
Қоламен қапталып, күміспен күптелген күн
17:00, 19 тамыз 2016
Қоламен қапталып, күміспен күптелген күн
Толығырақ...
Олимпиаданың 12-ші күні қоржынымызға 12- медальді қарағандылық Эльмира Сыздықова салды
18:48, 18 тамыз 2016
Олимпиаданың 12-ші күні қоржынымызға 12- медальді қарағандыл...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар