Рио олимпиадасының қола жүлдегері Эльмира Сыздықованың ата-анасына облыс әкімі пәтер мен автокөлік кілтін тапсырды

20:35, 26 тамыз 2016

Ел мерейін үстем еткен бұрымды қыздың өзі Астанадағы салтанатқа шақырылған болатын. Биылғы әлемдік жарыста сынға түскен жерлес спортшының қай-қайсысы да құрметтен кенде қалған жоқ.

Бүгінгі бұл жас өрендер ертеңгі ел намысын байрақты бәсекеде қорғайтын  спортшылар. Барлығы биылғы дүбірлі додада қазақстандық оғландарға жанкүйерлік еткендерін айтады. Сондықтан бүгін  өз олар олимпиада жұлдыздарын қарсы алуға тыңғылықты дайындалған.

Салтанатты шара спорт шеруімен басталды. Облысқа қарасты қалалар мен аудандардан келген  спорт мектептері  өз жетістіктерін паш етіп, алаңда сап түзеді.  Мұндай мектептер саны аймақта  27-ні құрайды. Онда  28 мыңнан аса жас жаттықса, соның екі мыңға жуығы ұлттық құрамада екен.

Биылғы Рио олимпиадасына қатысқан 11 спортшы зор қошеметпен ортаға шақырылды. Аймақ жетекшісі әрқайсысын құрмет грамотасымен марапаттады, сондай-ақ оларға «Отан» қымбат  сағаты сыйға тартылды. Ал  еркін күрестен қола жүлдеге ие болған жерлесіміз Эльмира Сыздықоваға Қарағанды қаласынан бір бөлмелі пәтер және автокөлік кілті берілді. Жеңімпаз Астанада болғандықтан сыйлық балуан қыздың ата-анасына табыстады.

Мерекелік күн түрлі спорттық  шоуға жалғасты. Мұнда білікті спорт сайыпқырандары түрлі  айла тәсілдерін ортаға салып,   шеберлеріктерін паш етті. Сахнада олимпиада жұлдыздарының құрметіне  патриоттық әндер шырқалды. 

Гүлбақша АҚАЖАНОВА

Тақырып бойынша материалдар

Қоламен қапталып, күміспен күптелген күн
17:00, 19 тамыз 2016
Қоламен қапталып, күміспен күптелген күн
Толығырақ...
Олимпиаданың 12-ші күні қоржынымызға 12- медальді қарағандылық Эльмира Сыздықова салды
18:48, 18 тамыз 2016
Олимпиаданың 12-ші күні қоржынымызға 12- медальді қарағандыл...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар