Олимпиаданың он күнінде Қазақстан медаль көрсеткіші бойынша 15-ші орынға көтерілді

17:06, 16 тамыз 2016

Оныншы күні Рио-де Жанейрода атлеттеріміз 7 спорт түрі бойынша сынға түсіп, 1 күміс 1 қолаға қол жеткізді. Жерлестеріміз ел қоржынына медаль салып, баршамызды қуантса, екінші жағынан жанкүйерлердің көңілін жабырқатқан да жайттар болды

Алдымен жалғыз 1000 метрлік каноэ есуден жарыс жолына шыққан Тимур Хайдаров жұбаныш финалына өте алмады. Байдаркадан Ирина Подойникова мен Наталья Сергеева 500 метрлік қашықтыққа жарысуда үшінші нәтиже көрсетіп, финалға шықты. Сонымен қатар байдарка есуден 200 метрге жалғыз шыққан Инна Клинова да финалға шығып, қуантты. Грек-рим күресінен палуан Нұрмахан Тыналиевтің қарсыласы - германиялық Эдуард Попп белдесу барысында спортшымызды кілемнен шығарып жіберіп, 1 ұпай алып, жеңіп кетті. Үш қарғып секіруден  ерлер арасында Роман Валиев те мүмкіндіктерін мүлт жіберіп, жарыстан шығып қалды. Жеңіл атлеттер Виктория Зябкина мен Ольга Сафронова да жартылай финалға шыға алмады. Апалы-сіңілі Екатерина мен Александра Немичтер де синхронды жүзуде техникалық бағдарламаларынан кейін 15-ші орынға тұрақтап, финалға өтпей қалды. Қазақстандық былғары қолғап шебері Олжас Сәттібаев 1/8 финалда әзірбайжандық боксшы Эльвин Рауф оглы Мамишзадемен кездесіп, 0:3 есебімен жеңіліп қалды. Тағы бір боксшымыз Жәнібек Әлімханұлы ширек финалда есе жіберді. 75 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі кездесудің 1/8 финалында төрешілер бірауыздан әзірбайжандық Камран Шахсуварлыны жеңімпаз деп  таныды. Ал, бокстан Ұлттық құрама капитаны Данияр Елеусінов ақтық сынға өтті. Кездесудің екінші раундында қарсыласына баспен соқтығысып,  дәрігер жекпе-жекті тоқтатқанына қарамастан, төрешілер бірауыздан жеңісті біздің боксшыға берді. Енді күміс қолда, алтын жолда.  Бокстан 91 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Василий Левит Олимпиада ойындарының күміс медалін жеңді. Қарсыласына дес бермей, кездесудің соңғы минуттарына дейін шабуылдаудан тынбаған боксшымыздың бағасы төмендетіліп, ресейлік боксшыны төрешілер жеңімпаз деп тапты. Бұл шешіммен залдағы көрермендер келіспейтінін көрсетіп шулағанын айта кеткен жөн. Ал ауыр атлетшіміз Александр Зайчиков Қазақстан үшін Олимпиададағы оныншы медальді жеңіп алды. Бүгін спорттың 4 түрі бойынша қазақстандықтар өнер көрсетеді. Біздің уақыт бойынша түнгі сағат 2*15-те әйелдер арасындағы бокстан Жайна Шекербекова рингқа шығады.  Оның қарсыласы экс-әлем чемпионы француздық Сара Урамун. Астана уақыты бойынша түнгі сағат 3*30-да боксшымыз Әділбек Ниязымбетов британдық Джошуа Буатсимен қолғап түйістіріп, финалға шығуға күш салады. Сондай-ақ тағы бір былғары қолғап шеберіміз Иван Дычко Нигерияның Эфе Аягба атты боксшысымен жұдырықтасады.

 

Асылбек ТОЙБЕК

Тақырып бойынша материалдар

Рио олимпиадасының қола жүлдегері Эльмира Сыздықованың ата-анасына облыс әкімі пәтер мен автокөлік кілтін тапсырды
20:35, 26 тамыз 2016
Рио олимпиадасының қола жүлдегері Эльмира Сыздықованың ата-а...
Толығырақ...
Қоламен қапталып, күміспен күптелген күн
17:00, 19 тамыз 2016
Қоламен қапталып, күміспен күптелген күн
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар