Олимпиада: 2 күнде 1күміс, 1 қола

14:43, 8 тамыз 2016

Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өтіп жатқан жазғы 31-ші Олимпиада ойындарының екі күнгі қорытындысы бойынша Қазақстан жалпытурнирлік кестеде 18-ші орында келеді. Әзірге ұлттық құрама қоржынына дзюдошыларымыз бір күміс пен қола медаль салды.

Олимпиаданың екі күнінде еліміздің оғландары  спорттың 13

 түрінен сынға түсті. Ал пневматикалық винтовкадан оқ ату бойынша Елизавета Король 37 орынға шықты. Академиялық ескек есуден теміртаулық Владислав Павлов пен Светлана Германович қуантарлықтай нәтиже көрсете алмады. Алпыс келі салмақ дәрежесінде шаршы алаңға шыққан былғары қолғап шебері Берік Абдрахманов бірінші айналымда американдық  Карлос Бальдерасқа есе жіберді. Төрешілер бірауыздан отандасымыздың қарсыласын жеңімпаз деп тапты. Пневматикалық қарудан оқ атудан сынға түскен қос жерлесіміз финалға өте алмады . Владимир Исаченко  23-орынға табан тіресе, Рашид Юнусметов 40 орыннан көрінді. Велоспортшыларымыздан 237 шақырымдық қашықтықта қазақ намысын қорғаған Андрей Зейц  мәре сызығын сегізінші болып кесті.

Алғашқы жүлдені дзюдодан әйелдер арасында өнер көрсеткен 48 келі салмақтағы аруымыз Галбадрах Отгонцецег  еншіледі. Екінші күміс жүлдені дзюдодан  әлем чемпионы Елдос Сметов салды. Үстел теннисінен  Кирилл Герасименко алғашқы айналымында венгриялық спортшыдан ұтылып қалды. Ауыр атлетші қызымыз Маргарита Елисеева да жеңісті қолдан бермеуге барынша  тырысып бақты. Қос сайыстың қорытындысы бойынша  алғашқы олимпиадасын бесінші орынмен аяқтады. Қарағандылық  дзюдошы, 66 келі салмақ дәрежесінде тотамиге шыққан  Жансай Смағұлов  Баул Анға жол берді. Кореялықтың жеңісі айқын болды. Белдесу кезінде  Жансай екі «шидо» ескертуін алды, ал оның қарсыласы «иппон» және «ваза-ари» жоғары бағасына ие болды.

Айта кетейік, бүгін жарыс жолына қазақстандық боксшылар – Біржан Жақыпов, Жәнібек Әлімханұлы мен Василий Левит,  зілтемірші Фархат Харки  шығып бары мен нарын салады.

Жанбота РАХМЕТУЛЛАҰЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

Рио олимпиадасының қола жүлдегері Эльмира Сыздықованың ата-анасына облыс әкімі пәтер мен автокөлік кілтін тапсырды
20:35, 26 тамыз 2016
Рио олимпиадасының қола жүлдегері Эльмира Сыздықованың ата-а...
Толығырақ...
Қоламен қапталып, күміспен күптелген күн
17:00, 19 тамыз 2016
Қоламен қапталып, күміспен күптелген күн
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар