Қазақстан жалпытурнирлік кестеде 23-ші орынға түсіп қалды

16:09, 9 тамыз 2016

Рио Олимпиадасының алғашқы үш күнінің қортындысы бойынша Қазақстанның қоржынында бір күміс пен екі қола жүлде бар. Алғашқы екі медальді дзюдошылар Елдос Сметов және Отгонцецег Галбадрах әкелсе, бүгін таңертең ауыр атлетші Фархад Харки қола жүлдеге ие болды.. Қазақстан жалпытурнирлік кестеде 23-ші орынға түсіп қалды. Бірінші орында қытайлықтар, келесі орындарды Австралия мен Америка құрамасының спортшылары тұр.

Рио де Жанейрода өтіп жатқан 31-ші Олимпиаданың үшінші күні  қазақстандықтар спорттың жеті түрі бойынша өнер көрсетті.  10 метрге дейін пневматикалық оқ атудан Юрий Юрков  44-ші орынға шықты. Дзюдошы Дидар Хамза алдымен гамбиялық Нжиедені жеңіп екінші раундқа шықса,  кейін «шидо» ескертуін алып, әзербайжандық  спортшыдан ұтылып қалды. Садақшы Сұлтан Дүзелбаевтың   да жолы болмады. Ол бірінші кезеңнен сүрінбей өткенмен, келесі айналымда Лондонның олимпиада чемпионы итальялық Мауро  Несполиге  есе жіберіп алды.

Өкішінке қарай теміртаулық Владислав Яковлев пен Светлана  Германович академиялық ескек есуден  ширек финалға өте алмады. Владиславтың қайығы аударылып қалса, Светаға екінші болып келу үшін бір секунд қана уақыт жетпеді. Ал, былғары қолғап шеберлеріміз Біржан Жақыпов,  Жәнібек Әлімханұлы және Василий Левит Олимпиададағы бірінші жекпе-жектерінде жеңіп шықты. Сондай ақ, 62 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі қазақстандық ауыр атлет Фархад Харки Рио Олимпиадасының қола жүлдегері атанды.  Харки жұлқа көтеруде бесінші орында болды. Бірінші мүмкіндігінде ол 135 келіні еңсерсе, лидерлерді қуып жету үшін таңдаған 140 келі штанганы екі мәрте көтере алмай қалды. Нәтижесінде 135 келімен жұлқа көтеру сайысын үшінші болып аяқтады. 
Бүгін жарыстың төртінші күні дзюдошы Мариан Урдабаева мен ауыратлет Карина Горичева медальдарға таласады. Сонымен қатар, Олимпиада финалисі Дмитрий Баландин жүзудің тағы бір қашықтығында жарыс жолына шығады.

Райхан САЙРАНБЕКҚЫЗЫ 

Тақырып бойынша материалдар

Рио олимпиадасының қола жүлдегері Эльмира Сыздықованың ата-анасына облыс әкімі пәтер мен автокөлік кілтін тапсырды
20:35, 26 тамыз 2016
Рио олимпиадасының қола жүлдегері Эльмира Сыздықованың ата-а...
Толығырақ...
Қоламен қапталып, күміспен күптелген күн
17:00, 19 тамыз 2016
Қоламен қапталып, күміспен күптелген күн
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар