Жезқазған қаласының орталық ауруханасында жаңа диагностикалық медикал орталығы ашылды

16:57, 12 қыркүйек 2017

Мұнда көпшілік емдеу мекемелерінде тапшы магниттік резонанстық томография апараты қойылған. Енді бұл құрылғы тек мысты қаланың халқына ғана емес, Сәтбаев, Қаражал қалаларымен қатар, Ұлытау Жаңаарқа аудандары және Жәйрем кентінің тұрғындарына қызмет көрсетеді

Магниттік резонанстық томография науқас диагнозын дәл анықтайды. Күндіз түні үзіліссіз қызмет көрсетуге дайын. Аппаратқа бірнеше рет түссе де ол адам ағзасына зияны жоқ. Құны 150 млн теңге тұратын құрылғыға   мемлекеттік-жеке мекеменшік әріптестік бойынша  қол жетіп отыр.

Гүлбақша АҚАЖАНОВА тілші

 Науқас аппаратқа түскеннен кейін сыртқаттанған жері мына компютер көрсетіледі. Яғни диагноз секунттарда анықтлады. Жезқазған орталық ауруханаға бұл құрылғына түсу үшін күніне 25-30 адам келеді екен. Себебі ұндай аппарат Қарағанды облысы бойынша тек Қарағанды қаласымен Жезқазған қаласында ғана бар.

Нүргүл Сейтмағамбетова Сәтбаев қаласының тұрғыны.  44 жастағы әйел неврологиялық бөлімде ем алып жатыр. Бастағы қан тамырларын тексерту үшін бұған дейін Қарағанды, Астана  қалаларына баруға тура келген. Бір барғанның өзінде 40 мың теңгедей ақша жұмсайтының айтады. Сондықтан жаңа құрылғының пайда болуы қалтадағы қаржыны да, уақытты да үнемдейді.  Салмағы 20 тонна болатын магниттік резонанстық томография 25 жылға жарамды.  Құрылғы маңайында  темірден жасалған  зат болмауы керек. Тіптен мұндағы жылу құбырларын да алып тастаған, аппарат бөлмені өзі жылытады.  Жаңа диагностикалық медикал орталығы ашылған 10 күн аралығында тексерістен өткен 200 адамның  диагноз қортындысы бірден  анықталған.

Есентай МҰСАҒҰЛОВ  Жезқазған қалалық орталық аурухананың директоры

Құрылғының қандай ауруларға бағытталғанын айтады. Онымен жұмыс істейтін мамандар оқытылғанын айтады.

Биыл медициналық мекемеге   компютерлік томография  қойылған. Ол 200 орынға шақталған. Жезқазған қаласының орталық ауруханасы 17 бөлімшеден тұрады. Биыл ауыр науқастарға арналған медбикелік күтім бөлімі ашылды.  Болашақта  балалар мен үлкендерге арналған оңалту орталықтары өз жұмысын бастайды -дейді ақ халаттылар.  Биыл мысты өңірде ана өлімі тіркелмеген. 1  жасқа дейінгі сәбидің шетінеуі  10 пайызға, асқынған онкологиялық ауруға шалдыққандар 8 пайызға азайған. Мұның бәрі ауруханаларды осындай жаңа құрылғымен қамтамасыз ету арқасында мүмкін болып отыр, дейді дәрігерлер.

Гүлбақша АҚАЖАНОВА

Тақырып бойынша материалдар

Қызыма көмек көрсетулеріңізді сұраймын
17:00, 12 қыркүйек 2017
Қызыма көмек көрсетулеріңізді сұраймын
Толығырақ...
Дәрігерлер «Қазақстанда инсульт жасарып келеді» деп дабыл қағуда
11:49, 5 қыркүйек 2017
Дәрігерлер «Қазақстанда инсульт жасарып келеді» деп дабыл қа...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Жезқазған қаласында биылғы оқу жылында 5 мектепте  робототехника сыныбы ашылды
17:45, 20 қыркүйек 2017
Жезқазған қаласында биылғы оқу жылында 5 мектепте робототех...
Толығырақ...