ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫ

16:59, 13 шілде 2017

Теріс бағыттағы, діни ағымдардан зардап шеккендерге «Виктория» оңалту орталығы көмек көрсетеді. Орталық – облыстық дін істері басқармасының төрағалығымен жұмыс істейді. Бүгінгі күні оңалту курсынан 8 адам өтуде

Биыл оңалту орталығының жұмысына 6 жыл.  Жыл басында ұйымға «Виктория» деген  атау берілді.  Орталық - негізінен дін істері басқармасының басты назарында.. Оның қызметі теріс бағыттағы, діни ағымдардан зардап шеккендерге әлеуметтік, психологиялық, дінитанымдық және заңды көмек көрсетуге бағытталған.

Виктория АРТЕМЬЕВА  «ВИКТОРИЯ»  орталығының  жетекшісі  - Көмекке мұқтаж адамдар  бізге келгенде ең алдымен тегін медициналық тексерістен өтеді. Кейін біздің орталықта қалады. Мамандар оларға жан-жақты көмек көрсетеді. Әрине әр адамның мінезіне байланысты жеке бағдарлама құрады. Себебі, өмірдің қиындықтарына тап болғандармен жұмыс жасау қиын.

Бүгінгі күні орталықта 8 адамға оңалту курстары жүргізілуде.  Олардың әрқайсымен жоғары санатты психолог, заңгер, теологтар  жұмыс істейді.  Мамандар құжаттарды қалпына келтіріп, тұрақты жұмысқа орналасуға да көмектеседі. Орталық баспанасыз қалған жандарға да қол ұшын созады. Кез келген адамның бұл жерде үш айға дейін  тегін тұруына барлық жағдай жасалған. 

Владимир РОМАШКОВ «ВИКТОРИЯ» орталығының  психологы

Дәстүрлі әлемдік діни ағымдар адамды өмірге бейімдейді, ал бізде өкінішке орай дәстүрлі емес діни ағымдар адамды адастырады, шындықтан, отбасы, қоғамнан алшақтатады. Сондықтан біздің мақсатмыз осындай жағдайға тап болғандарға көмек көрсету.

Орталықтан пана тапқан жандардың  бірі- Евгений Иванов. Айтуынша, жарты жыл бұрын көшеде оған екі қыз келіп, көмек көрсетуге дайын екендерін жеткізген.  Тіпті автотұрақтан жұмыс та тауып берген.  Алайда ол жердегі адамдардың іс-әрекеті бір  күдік тудырғанын сездім- дейді, Евгений.

Евгений ИВАНОВ зардап шегуші

- Бәрі әдебиеттен басталды.  «Единство» орталығында   кітаптардан тек библия болды. Олар қолдан басылып шыққанға ұқсады. Бұл қандай кітаптар екенін білгім келгенде олар жауап бермеуге тырысты. Және жиі өтетін жиындары да маған ұнамады. Мен жұмыс істеп ақша таба бастадым. Олар болса шіркеуге ақша беру керек деп күнделікті  менен ақша алып отырды.

«Виктория» Қазақстанда жалғыз оңалту орталығы. Мамандар әр адамға жеке бағдарлама әзірлейді. Яғни, әр зардап шегушінің мінез-құлқын ескере отырып,оның оналып кетуі үшін  әртүрлі әдістер қолданады.  Айта кету керек, орталықта тәулік бойы 51-51-28 сенім телефоны жұмыс істейді.

Райхан САЙРАНБЕК  

Тақырып бойынша материалдар

Еліміз бойынша Қарағанды облысы жүрек-қан тамырлары ауруларынан көш бастап тұр
12:24, 14 қараша 2017
Еліміз бойынша Қарағанды облысы жүрек-қан тамырлары аурулары...
Толығырақ...
Биыл желтоқсан айында Жезқазған қаласында  балаларға арналған нейрооңалту орталығы қолданысқа беріледі
14:17, 13 қараша 2017
Биыл желтоқсан айында Жезқазған қаласында балаларға арналға...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Биыл Қарағанды облысында жол апатынан қайтыс болған адамдар саны 100 ден асады
14:21, 16 қараша 2017
Биыл Қарағанды облысында жол апатынан қайтыс болған адамдар...
Толығырақ...
2017 жылдың 15 қарашасынан бастап елімізде  латын қаріпінде сауатылықты арттыру мақсатында республикалық акция  басталды
17:28, 15 қараша 2017
2017 жылдың 15 қарашасынан бастап елімізде латын қаріпінде...
Толығырақ...