Облыс әкімі күйдіргі кеселінің ошағы тіркелген Шет ауданындағы Еркіндік ауылына барып қайтты

16:53, 27 маусым 2016

Тұрғындармен жиналыс өткізіп, жұқпалы аурудан қайтыс болған марқұмдардың туған туыстарына көңіл айтты. Естеріңізге салсақ, сойылған ауру мал етінен күйдіргі дертін ауылдың 9 адамы жұқтырған. Оның 2-уі көз жұмса, қалған 7-уі ем алып жатыр.

Төтенше жағдай жарияланған Еркіндік ауылында қазір карантин. Елді-мекенге кірер жолда мынадай бекеттер орнатылып, жолаушылар мен көліктер залалсыздандырылуда. Тұрғындар дәрігерлердің қатаң бақылауында. Мұндағы күллі ірі-қара мен ұсақ мал және жылқы күн сайын клиникалық тексерістен өтеді. Әзірге сібір жарасын жұқтырған күдікті мал жоқ.

Облыс әкімі Еркіндік ауылының тұрғындарының қатысуымен жиналыс өткізіп, арнайы құрылған штаб жұмысының есебін тыңдады. Облыстың бас дәрігері емделіп жатқан 7 науқастың денсаулығы жақсарғанын жеткізді. 3 мың доза сібір жарасына қарсы вакцина 1345 ірі қара малға егілді. 80 аулаға залалсыздандыру шаралары жүргізілген  

Шет ауданының әкімдігі қайтыс болған адамдардың отбасыларына қаржылай көмек көрсетіпті. Ауылға кіру шығуға шектеу қойылғандықтан, жергілікті кәсіпкерлермен келіссөз жүргізілген. Яғни мұндағы 3 дүкенге 5 тәулікке жетерлік азық-түлік әкелініпті.

Облыс әкімі ауылдағы күл қоқыстарды шығару жұмыстарын да қолға алуды тапсырды. Сонымен қатар Еркіндік аулынан ауырып келген адамдарды қабылдамай ары-бері сандалтқан мамандар   жауапқа тарылатынын жекізді. Бүгіннің өзінде жұмысына салғырттық қараған бірқатар лауазымды тұлғалар сөгіс алып, тағы бірі қызметінен босатылған.

Төтенше жағдайға жеткізген күйдіргі  дерегі бойынша бүгінде қылмыстық іс қозғалған. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде.

Гүлбақша АҚАЖАНОВА 

Тақырып бойынша материалдар

Қарағанды облысында түберкулездің алдын алу айлығы басталды
14:21, 27 ақпан 2018
Қарағанды облысында түберкулездің алдын алу айлығы басталды
Толығырақ...
Қарағанды қаласының  кішкентай тұрғыны  11 айлық Айсана Бейбітоваға шұғыл түрде көмек керек
12:20, 1 ақпан 2018
Қарағанды қаласының кішкентай тұрғыны 11 айлық Айсана Бейб...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар