Қызыма көмек көрсетулеріңізді сұраймын

17:00, 12 қыркүйек 2017

Осындай өтінішпен жедел желімізге Қарағанды қаласының тұрғыны хабарласты. Бұдан 1 ай бұрын 3 жасар қызына дәрігерлер гепатобластома немесе бауыр ісігінің қатерлі диагнозын қойған. Шетелде ота жасау үшін балаға 40 мың доллар қажет көрінеді

Дәрігерлер Диана Запольскаяға бауыр қатерлі ісігі деген диагнозын қойған.  Гепетобластома -бұл ауыр дерт саналады. Раушан Елубаеваның айтуынша, бұл сырқат Қазақстанда емделеді. Алайда, мамандар ота жасату үшін Германияға немесе Кореяға баруға кеңес берген. Себебі, шетел клиникаларында емдеу көбіне нәтижелі болады екен.

Раушан ЕЛУБАЕВА  қыздың анасы

Осы апта бойы  тестілеудің нәтижесін күтумен болдым. Мен дәрігерлер ісіктің бастапқы кезеңі деп айтады деген үмітпен өмір сүрдім. Қызымда, кішкентай ғана сәбиде осындай ауыр диагноз байқалады деп ойламаппым.

Бір айдан астам уақыт бойы Диана Запольскаяның мәселесі әлеуметтік желілер арқылы бүкіл Қазақстанға тарап кетті. Ота жасауға 40 мың доллар қажет. Оның тоғыз мың доллары ғана жиналған. Қазір, Раушан Елубаева қызымен бірге ата-аналарының үйіне  тұрып жатыр. Ал,  Майқұдықтағы бір бөлмелі пәтерін сатылымға қойған. Диананың әкесі Павлодарда тұрады.. Ол баласына көмектесуден бас тарқан. Кішкентай сәби үшін әрбір атқан таң қымбат. Себебі, уақыт тым аз.  Метастаздардың жеңілденуін болдырмау үшін, бала химиотерапия курсын бастады. 14 қыркүйекте Диана емделуге қайтадан Астанаға барады.

Раушан ЕЛУБАЕВА мама девочки          

Қызымның өмірін сақтап қалуға қол ұшын көрсетулеріңізді сұраймын. Маған ең болмағанда ота жасауға ақша жиналса болғаны. Құлыншағым емделіп шықса екен, өзге балалар сияқты балабақшаға барып, ойнап күліп, балғын балалық шағын есте қаларлықтай өткізсе екен деп тілеймін.

Көмектесемін деген кез келген адам  8 -701 -356 -56-20 телефоны арқылы хабарласуға болады. Барлық нөмірлер мен мәліметтер экранда көрсетілген

ГРАФИКА:

Раушан Елубаева тел. +7-701- 356- 56- 20

Каспий әмиян: +7 776 853 55 33

Киви әмиян: +7 700 307 27 91

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ

Карта нөмірі: 4402 5735 7009 5408

Алушының аты:  Дана Балкашева

ИИН:  850917450827

Айдана ДАСТАН

Тақырып бойынша материалдар

Еліміз бойынша Қарағанды облысы жүрек-қан тамырлары ауруларынан көш бастап тұр
12:24, 14 қараша 2017
Еліміз бойынша Қарағанды облысы жүрек-қан тамырлары аурулары...
Толығырақ...
Биыл желтоқсан айында Жезқазған қаласында  балаларға арналған нейрооңалту орталығы қолданысқа беріледі
14:17, 13 қараша 2017
Биыл желтоқсан айында Жезқазған қаласында балаларға арналға...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Биыл Қарағанды облысында жол апатынан қайтыс болған адамдар саны 100 ден асады
14:21, 16 қараша 2017
Биыл Қарағанды облысында жол апатынан қайтыс болған адамдар...
Толығырақ...
2017 жылдың 15 қарашасынан бастап елімізде  латын қаріпінде сауатылықты арттыру мақсатында республикалық акция  басталды
17:28, 15 қараша 2017
2017 жылдың 15 қарашасынан бастап елімізде латын қаріпінде...
Толығырақ...