Қазақстанда «100 жаңа есімдер» жобасы қанат қақты

15:22, 14 шілде 2017

Маусым айынан ұсыныстар қабылдана бастады. Бұл тізімге, еліміздің қалыптасуына, оның өсіп-өркендеуіне үлес қосқан кез-келген Қазақстандық қатыса алады.Осы атқа лайықтылардың бірі, Азамат Жашкеев. Ангиохирург маман 20 жылдық еңбек өтілінде мыңдаған оталар жасап, қаншама жанның өміріне араша тұрды

Бұл кәсіпті нәсіп қылғандарда, мереке де демалыс күндері де жоқтын қасы. Ангиохирург Азамат Жашкеев өз ісінің маманы. Ол, көп жылдық тәжірибесі бар білікті дәрігер. Жауапты маман 100 деген мүгедектер арбасына таңылғандардың өміріне араша тұрды.Азмат Кенжеұлы  өз жұмысына зор жауапкершілікпен қарайды.Дәрігердің басты міндетті – ешқашан  қателеспеу керек-дейді ол.

Азамат ЖАШКЕЕВ хирург

Жауапты мамандық. Әлсін соққан жүректерді көргенде қол-ұшынды беруге әзірсің. Мен бұл мамандығымды ешқайсысына айырбастай алмаймын. Ең қуаныштысы, сен ота жасаған адамның ана өмірден қайтып келуін көруін қуанышты.

Жүрек қан тамырлары аурулары жиі кездесетін дерттің бірі. Ол, адам өміріне үлкен қауіп төндіретін ауру.Медицина саласы қызметкерлерінің айтуына қарағанда жастар жағы бұл сырқатқа көп шалдығады екен. Хирург дәрігер, Азамат Жашкеев адам таңдамайды. Ол сағаттап, ота жасау үстелінде тұруға әзір. Ең басты міндеті - ажалға араша тұрумен тығыз байланысты.

Олег Зверев хирург

Ол, жақсы кәсіби дәрігер, әрі адал дос.Оның аузынан бейсауат сөз естігенім жоқ.Қан тамырлары дәрігерлері бастан аяққа дейін тексереді. Аурулар көп түседі.Кейбір сәтте орын да болмай қалады. Бірақ тығырықтан шығар жол табудамыз.

Біз әңгімелеп отырған дәрігер білдей  бөлімнің басшысы. Оның бөлімшесі аймақ бойынша жалғыз. Ангиохирургтер жүгі әрқашанда салмақты. Жыл бойына олар 3000 мыңға жуық оталар жасайды.

Сейітқали ӘШІМ

Тақырып бойынша материалдар

Қарағанды облысында түберкулездің алдын алу айлығы басталды
14:21, 27 ақпан 2018
Қарағанды облысында түберкулездің алдын алу айлығы басталды
Толығырақ...
Қарағанды қаласының  кішкентай тұрғыны  11 айлық Айсана Бейбітоваға шұғыл түрде көмек керек
12:20, 1 ақпан 2018
Қарағанды қаласының кішкентай тұрғыны 11 айлық Айсана Бейб...
Толығырақ...
Аймақ бойынша,вирусты гепатит жұқтырғандар саны күн санап артып отыр
14:28, 30 қаңтар 2018
Аймақ бойынша,вирусты гепатит жұқтырғандар саны күн санап ар...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар