Еліміз бойынша Қарағанды облысы жүрек-қан тамырлары ауруларынан көш бастап тұр

12:24, 14 қараша 2017

Мұндай мәліметті «Денсаулық сақтау мектебінің» мамандары семинарда мәлімдеді.Ашық пікір алаңына айналған кездесуде қала тұрғындарымен ардагерлер дендеп тұрған дертке байланысты білікті кардиологтардан көкейлеріндегі сұрақтарына жауап алды

Қарағанды облысында қан айналымы жүйесі ауруларымен 120 мыӊнан астам адам есепте тұр. Соныӊ ішінде 60 мыӊға жуығында артериалды гипертензия екені анықталыпты.  Қалған 30 мың азамат ишемиялық ауруына шалдыққан. Сондықтан денсаулық сақтау мектебі- медициналық көмек көрсетудің сапалы индикаторы болып табылады.Кез-келген кеселдің жолына кесе көлденең тұратын орталықтың мақсаты науқастардың дертке дес бермеуіне жауапкершілігін арттырып, дәрігердің кеңесін бұлжытпай орындауға бағыттайды.

Аза ГАЛАЕВА«GIO TRADE» ЖШС директорының орынбасары

Бүгінгі сабағымыз біріңғай кардиологияға арналды.Жалпақ жұртқа аурумен күресудің жолдарын толықтай  түсіндіруге тырыстық.Кейінгі жылдары созылмалы індет етек алып бара жатыр. Басты міндетіміз халықтың денсаулығын жақсартуға тамшыдай болсада септігімізді тигізу.

Семинарда мамандаркүніне 30 минуттай таза ауада серуендегеннің өзі  жүрек жұмысын едәуір жеңілдететінін атап өтті.Жанар Ғабдулина бос уақытында осы қағиданы ұстанатынын айтады.  Ол «Денсаулық сақтау мектебінің»  дәстүрлі семинарына қалт жібермейді. Бүгінгі  шараның шеңберінденәзікжан ауруды алдын-алудың амалдарына қаныққанын айтады.

Жанар ҒАБДУЛЛИНА Қарағанды қаласының тұрғыны

Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде дейді ғой. Өзім білгім келді жүрек аурулары туралы. Ата-анамыз ауырады деген сияқты. Өте жақсы білікті мамандар болды.  Сұрақтарымызға жауап берді.  Көп ақпарат алдық. Осындай шаралар көп болып тұрса игі.

Жыл сайын әлем бойынша 17 миллион адам жүрек-қан тамырлары  ауруынан көз жұматын көрінеді.Бір сөзбен айтқанда, жүрекке ерекше күтім керек дейді ақ халатты абзал жандар.Сондықтан темекі мен майлы тағамдардан бас тартып, күйзеліске бой алдырмауды  барынша ескертеді. Естеріңзге салайық, аймағымыздағы емханлардың жанында  42 денсаулық мектебі халыққа қызмет көрсетеді.Оларға 12 мың тұрғын тұрақты түрде қатысады. 

Жанбота РАХМЕТУЛЛАҰЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

Қарағанды облысында түберкулездің алдын алу айлығы басталды
14:21, 27 ақпан 2018
Қарағанды облысында түберкулездің алдын алу айлығы басталды
Толығырақ...
Қарағанды қаласының  кішкентай тұрғыны  11 айлық Айсана Бейбітоваға шұғыл түрде көмек керек
12:20, 1 ақпан 2018
Қарағанды қаласының кішкентай тұрғыны 11 айлық Айсана Бейб...
Толығырақ...
Аймақ бойынша,вирусты гепатит жұқтырғандар саны күн санап артып отыр
14:28, 30 қаңтар 2018
Аймақ бойынша,вирусты гепатит жұқтырғандар саны күн санап ар...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар