«Арамызда жоқтарды бір сәт еске алайық»

Осындай атаумен, мамыр айының әр үшінші жексенбісінде ЖИТС-тан қайтыс болғандарды еске алу күні өтеді. Біздің облыста ЖИТС-инфекциясына тіркелгелі бері 1300-ге жуық адам көз жұмған. Қазір -2 мың 500 азамат есепте тұр. Олардың жартысынан астамы ем алып, толыққанды тұрмыс-тіршілігін жасауда

21:33, 19 мамыр 2017   50

Вячеслав Кухарь өзінің ғұмырында 20 жыл бұрын өзінің өте қауіпті дертке шалдыққанын естіген болатын. ЖИТС диагнозына тапсырған сараптама қорытындысы қуантпады. Оған басты себеп, ер азаматтар әуестенетін, нашақорлық. Кейіпкеріміз емді бірден қабылдай қойған жоқ. Қазір антиретровирустық терапиялық ем қабылдауда. Ол, «Шапағат» қоғамдық қайырымдылық қорына жұмысқа тұрған. Онда ЖИТСҚА-қарсы күрес жүргізу мен  одан сақтану жолдарына байланысты мағұлмат беріп отырады. Вячеслав Кухарь қазір өзін жақсы сезінеді. Бірақ, бәрі кеш болғанына қатты өкінеді.

Вячеслав КУХАРЬ

Нашақорлар арасында бір жайсыз түсінік бар. Бастапқыда ешнәрсе болмайды дегендей. Олар біле тұра соған барады. Ол ерте ме кеш пе соны қайталағысы келіп тұрады. Өйткені адам организмі соған үйреніп қалады. Бірақ кейін сол ғасыр дертінен   арылу өте қиынға соғады.

Вячеслав сияқты ЖИТС-қа шалдыққандар біздің облыста-2500 адам.Олардың 80 пайызы толыққанды ем алады. Бірақ орталыққа хабарласпай, өзін-өзі қадағаламайтындар да бар. Мамандардың айтуына  қарағанда, ЖИТС-ке шалдыққандар уақытылы емделген жағдайда ұзақ өмір сүруге болады -дегенді айтады дәрігерлер.

Бейбіт САҒЫМБАЕВ облыстық ЖИТС орталығының директоры

Біздің адамдар,антиретровирустық терапиялық ем қабылдағанда олар толыққанды азаматтар болады. Олар жұмыс істеу мен қатар, жаңұя бақытына да ие болады.

Қарағанды аймағы, Қазақстан бойынша ЖИТС-індетіне шалдыққандар арасында алғашқы үштікке кіреді. Біздің алдымызда Алматы, Павлодар қаласы.. Қауіпке шалдыққандар 20 мен 40 жас аралығында кездесіп жатады. Оған нашақорлыққа әуес және кез-келген адаммен  жыныстық қатынаста болатындар жиі ұшырасады. Бірақ дәрігер мамандардың айтуынша, Вячеслав Кухарь сияқты уақытылы қаралса, оның алдын алуға болатын көрінеді. Сонда ғана толыққанды өмір сүре алады -дейді ақ халатты абзал жандар.

Сейітқали ӘШІМ

«Қазақстан-Қарағанды» телеарнасының ресми сайты

100000, Қарағанды қаласы, Жауынгер-интернационалистер көшесі, 14 үй Байланыс телефондары: 8 (7212) 41-11-25