АПТАП ЫСТЫҚТА АБАЙ БОЛ!

17:54, 9 тамыз 2017

Қарағандыда күн райының ыстық болуына байланысты жедел жәрдем жұмысына жүгінушілер саны да артты. Дәрігерлер күніне 600-ден астам адамға көмек көрсетеді екен. Бұл өткен жылдармен салыстырғанда едәуір көп көрсеткіш. Күн темпертурасының жоғары болуы тамақ ауруларына да әсер етіп жатқан көрінеді

Жедел жәрдем қызметінінің 11 бригадасында күні бойы  дамыл жоқ. Осымен екі апта мұғдарында медицина қызметкерлері күшейтілген тәртіпте жұмыс жасауда.  Ауа райы температурасы жоғары болу салдарынан  кенет науқастанып қалатындар саны да өскен. Дәрігер Алексей Кузнецов кезекті шақырылымға лезде жетті. Науқастанған ер азамат көшеде қысылып қалған. Бірден қажетті медициналық алғашқы көмек көрсетілді. Таңертеңгі он жарымның өзінде  жедел жәрдем станциясына 78 қоңырау түсті.  30 дәрігер қазір қаланың түкпір-түкпірінде халыққа қызмет көрсету үстінде. Бүгін де  медицина қызметкерлері тәулігіне 600-ден астам науқасқа ем-шара жасауда. Ал бұған дейін орташа көрсеткіш 570- тен аспаған. Жедел-жәрдемнің қызметтік көліктері сақадай сай. Ол 15 минут аралығында діттеген мекен-жайға жетіп барады. Шыжыған күн  тек жүрек ауруын және қан қысымын  көтеріп қана қоймайды екен. Медицина қызметкерлері 40 градустық ыстықтан  тамақ ауруымен сырқаттанатындар да жиілеп кеткенін айтады. Дәрігерлер ыстық күндері суды көп ішуге кеңес береді. Далаға шыққанда үнемі бас киім киіп жүрген абзал. Ал жүрек пен қан қысымы жиі көтерілетін жандар мұндай ауа райында тысқа сирек шыққандары дұрыс.

Гүлбақша АҚАЖАНОВА

Тақырып бойынша материалдар

Қарағанды облысында түберкулездің алдын алу айлығы басталды
14:21, 27 ақпан 2018
Қарағанды облысында түберкулездің алдын алу айлығы басталды
Толығырақ...
Қарағанды қаласының  кішкентай тұрғыны  11 айлық Айсана Бейбітоваға шұғыл түрде көмек керек
12:20, 1 ақпан 2018
Қарағанды қаласының кішкентай тұрғыны 11 айлық Айсана Бейб...
Толығырақ...
Аймақ бойынша,вирусты гепатит жұқтырғандар саны күн санап артып отыр
14:28, 30 қаңтар 2018
Аймақ бойынша,вирусты гепатит жұқтырғандар саны күн санап ар...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫНА АЛҒЫС БІЛДІРДІ
18:17, 11 шілде 2018
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫНА АЛҒЫС БІЛД...
Толығырақ...