2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі енгізіледі

13:14, 20 сәуір 2017

Бұл жаңашылдықпен сақтандырудан өткендер арнайы қор арқылы медициналық қызметтің барлық түрлеріне жүгіне алады. Жұмыстың жүргізілу барысы жайлы толығырақ «Нұр Отан» партиясының хатшысы Наталья Годунова мен міндеттті медициналық сақтандыру республикалық штабының мүшесі Қанат Ермекбаев айтып берді

Міндетті медициналық сақтандыру жүйесі келесі жылдың басынан бастап  жұмыс істейді. Бұл жаңашылдық медициналық көмектің сапасын арттырып қана қоймай, сонымен қатар  ауруханалардың материалдық-техникалық жағдайы мен қаржыландыру мәселесін оңтайлы жолға қояды. Бұл тұрғыда  халықтың ортақ жауапкершілігі де артары сөзсіз.

Наталья ГОДУНОВА «Нұр Отан»  партиясының хатшысы

( Мемлекет  жұмыскердің еңбекақысынан   3,75 пайызын қорға аударып отырады.  Ол 2022 жылға дейін 4 пайызға дейін өседі. Оның көлемі 5 пайыздан жоғары болмайды. Шығын көлемі жыл сайын республикалық қазынадан белгіленіп отырады.

Міндетті медициналық сақтандыру арқылы  дәрігерлердің қабылдауынан бастап, қымбат отаға дейін  медициналық қызметтің барлық түрлеріне қол жеткізе аласыз. Бұл республиканың әлеуметтік медициналық сақтандыру Қорының есебінен жүргізіледі. Әрбір сақтандырылған адам төленген жарнаның мөлшеріне қарамастан қызметтің барлық түрін алуға құқылы.

Бұл өзгерістерге қарағандылықтардың көзқарасы қандай? Қала тұрғындарының пікірін тыңдап көрейік.

Айта кету керек, міндетті медициналық сақтандыру үздік  әлемдік тәжірибе.  Германия, Бельгия, Корея, Франция және тағы басқа елдерде  бұл жүйе сәтті жұмыс істейді.

Райхан САЙРАНБЕКҚЫЗЫ

Тақырып бойынша материалдар

Еліміз бойынша Қарағанды облысы жүрек-қан тамырлары ауруларынан көш бастап тұр
12:24, 14 қараша 2017
Еліміз бойынша Қарағанды облысы жүрек-қан тамырлары аурулары...
Толығырақ...
Биыл желтоқсан айында Жезқазған қаласында  балаларға арналған нейрооңалту орталығы қолданысқа беріледі
14:17, 13 қараша 2017
Биыл желтоқсан айында Жезқазған қаласында балаларға арналға...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Жүрекке  шұғыл, хирургиялық операцияны жасау немесе алғашқы көмек көрсету тәсілдерімен  студенттер жақынырақ танысты
16:43, 12 желтоқсан 2017
Жүрекке шұғыл, хирургиялық операцияны жасау немесе алғашқы...
Толығырақ...
Қарағанды облысында қасиетті мәуліт айы айырықша сән салтантымен тойланды
16:42, 13 желтоқсан 2017
Қарағанды облысында қасиетті мәуліт айы айырықша сән салтант...
Толығырақ...
Елордамыздың Астана мәртебесін алғанына 20 жыл толуына орай Қарағандыда жастар форумы өтті
15:10, 11 желтоқсан 2017
Елордамыздың Астана мәртебесін алғанына 20 жыл толуына орай...
Толығырақ...