Қарағанды қаласында «Қазақ хандығының 550 жылдығы және Алаш қайраткерлері» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті

17:16, 17 шілде 2015

Бүгін Қарағандыда өткен «Қазақ хандығының 550 жылдығы және Алаш қайраткерлері» атты республикалық ғылыми-практикалық конференцияға жиналған ғалым, тарихшылардың пікірі осындай. Тағылымды шара барысында қазақ хандығының қалыптасуындағы төрелер мен сұлтандардың қосқан үлесі мен мұрасы талқы таразысына түсті

Қазақ хандығының тереңге тамыр тартқан тарихына өлшеусіз үлес қосқан қаншама тұлғаларымыз бар. Бірақ олардың көбі зерттелмей жатыр. Ізденістер жоқ емес, бар. Бірақ, ондай ғалымдардың бірқатары тарихты ашық зерттеп жазғаны үшін кезінде сотталып та кеткен болатын. Бір ғана мысал, Кенесары ханды зерттеген  Ермұхан Бекмаханов. Осы жайттан кейін тарихтағы кейбір деректер бұрмаланып, шындық ашылмай қалды. Ал егемен ел болып, тәуелсіздіктің таңы атқаннан бері  тарихты тереңнен зерттеп  жазуға бетбұрыс жасалуы қажет деп есептейді келелі конференцияға жиналған ғалымдар. Қазақ хандығы мен мемлекеттілігі қандай болды, оның құрылымы, тетіктері қандай болған деген мәселелер ғылыми тұрғыда толық зерттелген жоқ. Тарихшы Жамбыл Артықбаевтың пайымы бұл. Қазақ хандарына қатысты барша тарихи деректерді зерттеп, зерделеу қажет. Және ол рушылдық пен жүзшілдікке бөлінбеген,  ақ-қарасы анық тарих болуы тиіс. Тәуелсіздік төлқұжатының тиімді тұсы осы. Тағылымды ғылыми конференция барысында Жамбыл Артықбаевтың «Төрелер шежіресі» атты кітабының тұсауы кесілді. Қалың оқырманға жол тартқан туынды көне заманнан бастап ХІХ ғасырдың орта кезеңіне дейінгі уақытты қамтыған. Сондай-ақ, мазмұнды, маңызды шара аясында Қарағанды көшелеріне бірқатар қазақ хандарының есімі берілсе, деген ұсыныс та жасалды.

Асима НҰРБАЙҚЫЗЫ

Тақырып бойынша материалдар

Қазақ хандығының 550 жылдығына орай Балқаш қаласының студенттері мен мектеп оқушылары айрықша саяхатқа шықты
18:32, 27 қазан 2015
Қазақ хандығының 550 жылдығына орай Балқаш қаласының студент...
Толығырақ...
«Шахтер» стадионының аула клуб мүшелері өздерін әртіс ретінде сынап көрді«Шахтер» стадионының аула клуб мүшелері өздерін әртіс ретінде сынап көрді
17:39, 12 қазан 2015
«Шахтер» стадионының аула клуб мүшелері өздерін әртіс ретінд...
Толығырақ...
«Қазақ елі» алаңы, жаңғыртты байтақ даланы
16:34, 14 қыркүйек 2015
«Қазақ елі» алаңы, жаңғыртты байтақ даланы
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар