Қарағандылық жастар қазақ хандығының 550 жылдығына орай дөңгелек үстел ұйымдастырды

17:18, 17 наурыз 2015

Игілікті шара барысында жастар зиялы қауым өкілдерімен пікір алмасып, ой бөлісті

Ел дамуы жолында жас буынға рухани тәрбие беру басты бағыттардың бірі екені белгілі. Өйткені өрендері саналы  мемлекеттің әлеуеті төрлейді, рухы өрлейді. Ұлттық құндылықты қастерлеп, діңгегін тіреу жастардың парызы   дейді ұйымдастырушылар.

Дөңгелек үстелге жиналғандардың дені  талабы таудай, арманы асқақ   жас буын өкілдері. Әрқайысының ұстанымы мығым, түйсігі терең. Басқосу аясында журналист Мирас Асан Қарағандыда  хандарға арнап    ескеркіш орнату турасында бастама көтерді. Кенді шахарда қазақтың бірде бір ханының мүсіні орнатылмаған дейді әріптесіміз.

Зейіні зерделі өрендер зиялы қауыммен  әңгіме өрбітті. Ұйымдастырушылар келешекте мұндай келелі шараларды жоғарғы оқу орындары мен мектептерде өткізбек ниетте.

 

Жанбота РАХМЕТУЛЛА

Тақырып бойынша материалдар

Қазақ хандығының 550 жылдығына орай Балқаш қаласының студенттері мен мектеп оқушылары айрықша саяхатқа шықты
18:32, 27 қазан 2015
Қазақ хандығының 550 жылдығына орай Балқаш қаласының студент...
Толығырақ...
«Шахтер» стадионының аула клуб мүшелері өздерін әртіс ретінде сынап көрді«Шахтер» стадионының аула клуб мүшелері өздерін әртіс ретінде сынап көрді
17:39, 12 қазан 2015
«Шахтер» стадионының аула клуб мүшелері өздерін әртіс ретінд...
Толығырақ...
«Қазақ елі» алаңы, жаңғыртты байтақ даланы
16:34, 14 қыркүйек 2015
«Қазақ елі» алаңы, жаңғыртты байтақ даланы
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар