Қарағанды қаласының «Болашақ» маңызды білім беру колледжі «Тереңнен тартқан тамырын...» атты тарихи әдеби кеш ұйымдастырды

12:22, 5 наурыз 2015

Тағлымды шара Қазақ хандығының 550жылдығына арналды. Бес жарым ғасырлық тарихымыздың айшықты беттерінен сыр шертетін кеш өрендердің өресін өрелі етуге септігі зор дейді ағартушылар

Мың өліп - мың тірілген қазақтың  тарихы тым тереңде жатыр. 1456-шы жылы Алтын Ордадан бөлініп шыққан Керей мен Жәнібек Шу және  Талас өзендерінің арасындағы аймақтарда қоныс теуіп, байрағын биікке көтергені әмбеге аян. Батырларымыз  аттандап жорыққа шығып,баршасы бір қолдың астына жұмылды.Сөйтіп қазақ хандығы  құрылды. Халқымыз нәубет пен  теперішті төзімділікпен көтере білді. Бөрі болмысты өжет жайсаңдар  найзаның ұшымен, білектің күшімен шұрайлы  жерді  ұстағанның қолына, тістегенің аузына бермеді.Бүгінгі кеште сондай тарихи сәттер колледзж студенттерінің күшімен саханаланды.

Кеште жастар қазақтың соңғы ханы Кенесарының кемел жолы мен көрегендігін де  тартымды көрініспен көз алымызға алып келді. Өрендер  Тәуке ханның сан қырлы саясатының бүгінгі күнмен үндесіп жатқанын да,   «Ақтабан шұбырынды» заманын да асқан шеберлікпен, танымдық-тағлымдық  сабақ беретіндей етіп  сомдады. Өткенді жаңғыртып,болашаққа сенім ұялататын  бұндай шаралар өсіп келе жатқан ұрпақтың бойында патриотизмді қалыптастырып,   өткеннен өнеге алатындықтарына  жеткіншектер кәміл сеніммен қарайды.

 

Жанбота РАХМЕТУЛЛА

Тақырып бойынша материалдар

Қазақ хандығының 550 жылдығына орай Балқаш қаласының студенттері мен мектеп оқушылары айрықша саяхатқа шықты
18:32, 27 қазан 2015
Қазақ хандығының 550 жылдығына орай Балқаш қаласының студент...
Толығырақ...
«Шахтер» стадионының аула клуб мүшелері өздерін әртіс ретінде сынап көрді«Шахтер» стадионының аула клуб мүшелері өздерін әртіс ретінде сынап көрді
17:39, 12 қазан 2015
«Шахтер» стадионының аула клуб мүшелері өздерін әртіс ретінд...
Толығырақ...
«Қазақ елі» алаңы, жаңғыртты байтақ даланы
16:34, 14 қыркүйек 2015
«Қазақ елі» алаңы, жаңғыртты байтақ даланы
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар