Осакаров ауданында бахадүр батыр, байыпты мәмлегер – Нияз Барқыұлы ұлықталуда

14:36, 10 қыркүйек 2015

Қазақ хандығының 550 жылдық жылнамасында ел билеген хандар мен қол бастаған батырлар аз болмаған.Солардың даңқты жорық жолдарының нәтижесінде еліміз жер көлемінен алғанда әлемдегі тоғызыншы аумаққа ие болып отыр.Қазақ мемлекетінің осындай айбыны мен тарихын ұлықтауда бахадүр батыр, байыпты мәмлегер Нияз батыр Барқыұлының сіңірген еңбегі ерекше

Осакаров ауданындағы адыр-төбелі, қырат-жоталардың ескіше атауы – Сарыбел. Ал аудан орталығынан шығысқа қарай 35 шақырым жерде орналасқан тау жоталары Нияз атымен аталады. Дәлірек айтсақ Нияз батырдың жайлауы. Иманжүсіптің атақты өлеңіне арқау болған тарихи орын  осы жер. «Қырық мың жылқы су ішсе лайланбайтын Нияздың Аюлыдағы Қаракөлі» міне алдарыңызда жатыр. Енді  Нияз батырдың қазақ тарихындағы орны қандай деген сауалға оралайық

Орынбордағы  қазақ-орыс арасындағы осынау тарихи келіссөзді қағазға түсірген капитан Рычков Нияз батырдың асқан мәмілегерлігі мен көзсіз батылдығын ерекше таңданыспен жазады. Міне, осынау тасқа түскен айғақтардан Нияз батырдың қазақ тарихындағы айшықты орнын байқаймыз.

Жоңғар соғысында елдің басын біріктіруде Нияз батырдың зор күш жұмсағанын жазады тарихи деректер. Өйткені, 1734 жылы Сәмеке хан өлген соң Орта Жүзді бірнеше жыл Нияз батыр биледі деген болжам бар.Батырға қатысты басқа да тың деректер өте көп. Ең бастысы «Ұлы Дала елінің» болашағы үшін ел мен жердің тұтастығын сақтап қалған осындай тұлғаларымыздың ұлт тарихындағы тұғырлы орнын ескеруіміз керек. «Мәңгілік ел» идеясының басты ұстанымы да осы.

 

Әшімхан ЖӘМПЕЙІСОВ

Тақырып бойынша материалдар

Қазақ хандығының 550 жылдығына орай Балқаш қаласының студенттері мен мектеп оқушылары айрықша саяхатқа шықты
18:32, 27 қазан 2015
Қазақ хандығының 550 жылдығына орай Балқаш қаласының студент...
Толығырақ...
«Шахтер» стадионының аула клуб мүшелері өздерін әртіс ретінде сынап көрді«Шахтер» стадионының аула клуб мүшелері өздерін әртіс ретінде сынап көрді
17:39, 12 қазан 2015
«Шахтер» стадионының аула клуб мүшелері өздерін әртіс ретінд...
Толығырақ...
«Қазақ елі» алаңы, жаңғыртты байтақ даланы
16:34, 14 қыркүйек 2015
«Қазақ елі» алаңы, жаңғыртты байтақ даланы
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар