
Бүгін күллі Қазақстан халқы тарихи қадам жасады . Мұқым ел халық қалаулыларын таңдады. Теміртаудағы Қараганды мемлекеттік индустриалдык университетінің ғимаратында орналасқан нөмері 168 сайлау участискісінде де сайлаушылардың дауыс беруіне бар жағдай жасалған. Мұнда таң атканнан бастап жастан кәріге дейін , отбасы мүшелерімен еңбек ұжымдары ұйымшылдықпен келіп , өз таңдауларын жасап жатыр. Әр дауыстың маңызы зор екеніне сенімді олар
Теміртаудағы Қараганды мемлекеттік индустриалдык университетінің ғимаратында орналасқан нөмері 168 сайлау участискісінде 1980 дауыс беруші тіркелген . Мұнда халықтың келіп , еркін дауыс беруіне бар жағдай жасалған. Бұл күні құрыш қаланың еңбек адамдары да өздерінің конституциялық құқықтарын пайдаланып, сайлауға қатысты.
Таңертеңнен бастап ағылған тұрғындардың санында шек жоқ. Бұл күні сайлаушылар үшін аса маңызды күн. Себебі, әр адамның таңдауы оның болашағының ғана емес, ел келешегінің жарқын көрінісі. Сайлау күні дауыс берушілер қатарында жастардың да белсенділігі басым.
Теміртау қаласы бойынша барлығы 59 сайлау участкісі бар. Бұл күні №168 сайлау учаскесіне өтіп жатқан саяси науқанды халықаралық байқаушылар да бақылады. Қазақстандықтардың сайлауға деген белсенділігі таңқалдырды оларды. Дауыс беру барысында ешқандай құқық бұзушылық тіркелген жоқ.
Бұл айтулы күні құрыш қаланың өнерпаздары мерекенің мерейін кіргізіп, ән мен жырдан шашу шашты. Сауда саттық та қызу жүргізілді бұл күні.
№168 сайлау учаскесінің комиссия төрағасы Жетпісбес Ахметов.Ол бұл саяси науқанда өзіне артылған үлкен жауапкершілікті абыроймен атқаруды мақсат тұтады.
Лейла ЕСКЕНҚЫЗЫ