Сайлаудың өтуіне санаулы күндер қалды

17:35, 15 наурыз 2016

Алдағы демалыс күні қазақстандықтар Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихаттардың жаңа құрамын сайлайтын болады. Дауыс беру учаскелері толығымен жабдықталған, полицейлер мен құтқарушылар да сақадай сай. Бүгін облыстық сайлау комиссиясының кеңейтілген отырысында саяси науқанға қатысты кейбір мәселелер талқыланды

Қарағанды облысында 788 сайлау учаскесі басты саяси науқанды өз деңгейінде өткізуге дайын. Барлығы материалдық-техникалық  жабдықтармен қамтамасыз етілген. Барлық байланыс құралдары орнатылған. Ғаламтор да қосылған. Сайлау комиссиясының кеңейтілген отырысында жауаптылар облыс әкіміне электр желілерінде ешқандай ақау болмайды деп мәлімдеді    .

Сайлау өтетін күні  мыңннан астам құқық қорғау органдарының қызметкерлері кезекшілік етеді.  Оларға жүктелген басты міндет - дауыс беру аяқталған соң бюллетендерді санайтын арнайы орынға дейін шығарып салу. Құтқарушылар күшейтілген жүйеде жұмыс істейді. Сайлау учаскелерінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Су тасқыны болмас үшін 35 жедел топ апаттың алдын алуға дайын. 

Жол қауіпсіздігінің сақталуы да басшылардың басты назарында. Қазір жолдар қар мен мұздан тазартылып жатыр. Қоғамдық көліктер таңғы сағат алтыдан жұмыстарын бастайды. Және ХҚО қызметкерлері де бұл күні дем алмайды.  Сайлау күні 30 бөлімше қызмет көрсетеді.

5 күннен кейін Парламент Мәжілісінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының құрамы жаңарады. Халық қазақстандық дамудың дара жолын дамытатын  білікті депутаттар сайланатынына сенімді.

Асылбек ТОЙБЕК

Тақырып бойынша материалдар

Тура 20:00 Қарағанды облысының 788 сайлау участкелері дауыс беруді тоқтатты
21:57, 20 наурыз 2016
Тура 20:00 Қарағанды облысының 788 сайлау участкелері дауыс...
Толығырақ...
№ 75 сайлау учаскісінде сағат 15:00 дейін 900 ден астам адам дауыс беріп үлгерген
18:20, 20 наурыз 2016
№ 75 сайлау учаскісінде сағат 15:00 дейін 900 ден астам адам...
Толығырақ...
Сайлауға ТМД елдерінен байқаушылар келді
18:18, 20 наурыз 2016
Сайлауға ТМД елдерінен байқаушылар келді
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар