Сайлауда өз таңдауын кеншілер әулеті Әлбатыровтар да жасады

14:15, 20 наурыз 2016

Кеншілер қаласының орталығындағы №17 сайлау учаскесі сағат 10-ға қарай дауыс беруге келген сайлаушыларға лық толды. Кеншілер мәдениет сарайында орын тепкен сайлау учаскесінде осы уақытқа дейін 150-ден астам адам өз таңдауларын жасап үлгеріпті

Бұл сайлауда өз таңдауын кеншілер әулеті Әлбатыровтар да жасады. Әулеттің үлкендерікеншілер сарайындағы 17 сайлау учаскесіне балалары мен немерелерін де жетекетей ертіп келіпті. Мерекелік көңіл күй, ертеңгі күнге деген нық сенім әулеттің болашақ үшін жасап жатқан маңызды  қадамдарына күш қосқандай. Әрі келешекке таңдау жасау, отан алдындағы азаматтық борышты өтеу болып саналады дейді әулеттің үлкендері. №17 сайлау участкесінде 2281 сайлаушы тізімге кірген. Участкенің төрағасы Олег Валицкий. дауыс беруге құқылы азаматтардың қандай жағдайда болмасын өз таңдауларын жасауына бар мүмкіндік жасалғанын айтады. Ол үшін арнайы комиссия мүшелері жасақталып, денсаулығына байланысты учаскеге келе алмайтын азаматтардың үйлеріне баратын көшпеліурналар дайындалған. Осындай  27 үйге бару жоспарланыпты. №17 сайлау учаскесінде барлық жердегідей таңсәріден бастап қызу тірлік. Қарағандылықтар сайлау науқанында зор белсенділік танытуда. Осылайша кеншілер мәдениет сарайында орналасқан №17 сайлау участкесінде дауыс беру науқаны қарқынды түрде жалғасуда. Қарағандылықтар дауыс беру бюллетеньдерін толтырып, жарқын болашаққа деген ізгі қадамдарының кезекті таңдауын жасауда.

Мақсат БЕЙСЕНАЕВ

Тақырып бойынша материалдар

Тура 20:00 Қарағанды облысының 788 сайлау участкелері дауыс беруді тоқтатты
21:57, 20 наурыз 2016
Тура 20:00 Қарағанды облысының 788 сайлау участкелері дауыс...
Толығырақ...
№ 75 сайлау учаскісінде сағат 15:00 дейін 900 ден астам адам дауыс беріп үлгерген
18:20, 20 наурыз 2016
№ 75 сайлау учаскісінде сағат 15:00 дейін 900 ден астам адам...
Толығырақ...
Сайлауға ТМД елдерінен байқаушылар келді
18:18, 20 наурыз 2016
Сайлауға ТМД елдерінен байқаушылар келді
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар