Сайлауда Абай ауданының тұрғындары дауыс беруде белсенділік танытып қана қоймай осы күнгі экологиялық акцияға да бір кісідей атсалысты

14:10, 20 наурыз 2016

Саяси науқанға қатысу қандай жауапты іс болса, қоршаған ортаны қорғау да басты міндетіміз дейді тұрғындар

Абай ауданының тұрғындары 55 мыңнан асады. Оның 37 мыңы сайлаушылар тізімінде. Аудан бойынша құрылған 41 сайлау учаскесінде комиссия мүшелері алғаш келген сайлаушылармен бірге жұмыстарын еш кедергісіз бастады. 16 учаскеде видебақылау орнатылған. 

Бұл Абай қаласындағы 643 сайлау учаскесі. Мұндағы 1218 сайлаушының 46-ы түрлі жағдайларға және денсаулықтарына  байланысты өз таңдауларын үйлерінде жасайды. Дауыс берушілердің ішінде студенттерден бастап, шахтерлер, ұстаздар, мәдениет саласының қызметкерлері бар. Олардың барлығы Қазақстанды одан әрі дамытатын ең лайықты партия мен нағыз халық депуттарын таңдауға келді.

Бұл учаскеде аудандық ардагерлер кеңесінің төрайымы Раиса Қойлыбаеваны да кездестірдік. Азаматтық  борышымды орындаған соң, көппен бірге экологиялық акцияға да қатысамын дейді ол. Жүздеген сайлаушы  қолдарына күрек алып, көшеттер отырғызды.

Бұл акцияның өтуіне жастар мұрындық болған. Олар тұрғындарды өз шаһарының тазалығын сақтауға шақырды.  Осылайша елжанды өскелең ұрпақ 100-ден астам жас желек отырғызды. Сонымен қатар, мерекелік жәрмеңке ұйымдастырылып, тұрғындар арзан бағамен азық-түлік сатып алып жатты.

 

Асылбек ТОЙБЕК

Тақырып бойынша материалдар

Тура 20:00 Қарағанды облысының 788 сайлау участкелері дауыс беруді тоқтатты
21:57, 20 наурыз 2016
Тура 20:00 Қарағанды облысының 788 сайлау участкелері дауыс...
Толығырақ...
№ 75 сайлау учаскісінде сағат 15:00 дейін 900 ден астам адам дауыс беріп үлгерген
18:20, 20 наурыз 2016
№ 75 сайлау учаскісінде сағат 15:00 дейін 900 ден астам адам...
Толығырақ...
Сайлауға ТМД елдерінен байқаушылар келді
18:18, 20 наурыз 2016
Сайлауға ТМД елдерінен байқаушылар келді
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар