ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихат депутаттарын сайлауға облыс бюджетінен 580 миллион теңге жұмсалмақ

16:29, 17 ақпан 2016

Депутаттықа барлығы1000-ға жуық үміткер ниет білдіруде. Сайлаудың әділ әрі жоғары деңгейде өтуіне барлық сайлау участкелері сақадай сай. Бұл жөнінде облыстық сайлау комиссиясы өкілдері өткізген брифингте мәлім болды

Брифингте Облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Ерқара Аймағамбетов  20 наурызда өтетін саяси науқанның күллі жай-жапсарымен таныстырды. Бірнеше жылдан бері бұл міндетті абыройлы атқарып келе жатқан Ерқара Балқараұлының айтуынша, барлық деңгейдегі мәслихат депутаттығына 917 үміткерден ұсыныстүскен. Оның ішінде 126-сы облыстық мәслихат, 791-і қалалық, аудандық  мәслихаттар депутаттығынан үмітті. Атап өту керек,  депутаттық бір орынға орташа есеппен 3 үміткер таласатын болатын. Саяси партиялар қатарынан 301 адам тіркелсе, халық қалаулысы болғысы келген  616 үміткер  өзін-өзі ұсынған. Облыстық комиссия төрағасы  жауапты мамандар басым күшті  сайлаушылар дың сайлау күні еш кедергісіз дауыс беруіне, түсініксіз мәселелр туындатпауға жұмсайтын болады деп атап көрсетті. Әр сайлау учаскесінде ХҚКО қызметкерлері таңнан кешке дейін қызмет етпек. Құжатты жаңадан алып не болмаса қайта жасатып жатқан азаматтар осы мамандарға жүгініп анықтама қағаздары арқылы қалаған үміткеріне қолдау білдіре алады. Ал, әр сайлау сайын облыстық бюджеттен бөлінетін қаржы бұл жолы  2 есеге қысқартылған.Кезектен тыс ҚР парламенті мәжілісмендері мен мәслихат депутаттарын сайлау 20 наурызында өтеді. Сайлауға кел де өз таңдауыңды жаса. Облыстық сайлау комиссиясы барша сайлаушыларды  дауыс беруге бір кісідей қатысуға шақырады.

 

Мақсат БЕЙСЕНАЕВ

Тақырып бойынша материалдар

Тура 20:00 Қарағанды облысының 788 сайлау участкелері дауыс беруді тоқтатты
21:57, 20 наурыз 2016
Тура 20:00 Қарағанды облысының 788 сайлау участкелері дауыс...
Толығырақ...
№ 75 сайлау учаскісінде сағат 15:00 дейін 900 ден астам адам дауыс беріп үлгерген
18:20, 20 наурыз 2016
№ 75 сайлау учаскісінде сағат 15:00 дейін 900 ден астам адам...
Толығырақ...
Сайлауға ТМД елдерінен байқаушылар келді
18:18, 20 наурыз 2016
Сайлауға ТМД елдерінен байқаушылар келді
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар