Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков № 83 мектепте орналасқан 53 сайлау учаскесінде дауыс беріп, өз таңдауын жасады

14:12, 20 наурыз 2016

Қашанда бекем бірлігімен белгілі қарағандылықтар бұл саяси шарада да белсенділік танытып, келешегімізді кемел етуге өз үлесін қосатын лайықты азаматтар таңдалатынына күмән келтірмейтінін айтты

Күн көкжиектен көтеріле облыс әкімі жарымен бірге келіп дауыс берді.  Нұрмұхамбет Әбдібеков азаматтардың әл-ауқатының одан әрі артып, өмір сүру жағдайларының жақсаруы үшін, татулық пен тұрақтылықтың нығая түсуіне жүйелі түрде жүзеге асырылып жатқан реформалар үшін әрбір азамат дауыс беретініне сенім білдірді.   Саясаттанушылар участкелерге өз таңдауын жасауға келгендердің көп  болуы қоғамның саяси мәдениеті жоғарылағанының белгісі  деп баға беріп жатыр.  Ал біздің байқағанымыз, сайлауда жастар белсенділік танытуда. Олардың қайсысы болсын, ел тағдырына, өз келешегіне бейжай қарамайтынын осылайша дәлелдеуде. Николай Мокренко бұл сайлауда алғаш дауыс берді. Оған сый-сияпат табыстап, учаске төрағасы өмірінің нұрлы болуына тілектестік білдірді. Жалпы бұл участкедегі 2684 сайлаушының 16-ы кәмелет жасқа енді толған азаматтар. Сайлауды жоғары деңгейде өткізу үшін аталған участкенің төрайымы тыңғылықты дайындалғандарын айтады. Әр тұрғынға сайлауға қатысуға арнайы шақырту жіберіліп, қажетті ақпарат берілген екен. Төрайымның бұл сөзін сайлаушылар да растай түсті. Осымен мәрте сайлауға қатысып отырған Сапаровтпар отбасы ұйымдастырушылық жұмыстары жоғары деңгейде деп баға берді. 30 жыл бойы шахтада еңбек еткен Талас ата жастарға үлгі болып, елдің амандығын тілеп келгендерін айтады.   Шыныменде әсем ән мен тәтті күй сайлаушыларға мерекелік көңіл күй сыйлады.

Асылбек ТОЙБЕК

Тақырып бойынша материалдар

Тура 20:00 Қарағанды облысының 788 сайлау участкелері дауыс беруді тоқтатты
21:57, 20 наурыз 2016
Тура 20:00 Қарағанды облысының 788 сайлау участкелері дауыс...
Толығырақ...
№ 75 сайлау учаскісінде сағат 15:00 дейін 900 ден астам адам дауыс беріп үлгерген
18:20, 20 наурыз 2016
№ 75 сайлау учаскісінде сағат 15:00 дейін 900 ден астам адам...
Толығырақ...
Сайлауға ТМД елдерінен байқаушылар келді
18:18, 20 наурыз 2016
Сайлауға ТМД елдерінен байқаушылар келді
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар